Алтын қақпа ашылады Сый сандықтың есебі

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Қысқаша көбейту формулалары
Мақсаты: 1. білімділік. Қысқаша көбейту формулаларын қолдана білу дағдыларын бекіту. қалыптастыру жұмыстарын жүргізу.
2. тәрбиелік. Өз ойын тұжырымдап жеткізуге, айтуға тәрбиелеу, нақты білім алуға тәрбиелеу.
3. дамытушылық. Есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, интеллектуалдық ақыл – ойларын дамыту
Сабақтың типі: білім бекіту сабағы
Сабақтың түрі: деңгейлік сабақ
Сабақтың әдісі: ойын Алтын қақпа
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, карточкалар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген есепті ауызша тексеру.
3. Ойын.
Ойын ойнап сабақта
Білімімізді шыңдайық.
Топты жарған баланы,
Жүрейік біз мақтан ғып.

Тұрма босқа сен қарап
Сынға түскін құрдаспен.
Өзіңе өзің қайрат қып,
Қуантқайсың бізді сен.

Алдымен ауызша сұрақ қойылады, сұраққа жауап берген оқушы ( топқып түрде өткізуге де болады) ойынға шақырылады.

- Екі өрнектің айырмасының квадраты дегеніміз неге тең?

І - ОЙЫН
“А” деңгейі

Тиімді тәсілмен шеш:
1) (5а – b) 2 =
25a2 – 10ab + b2
2) (2a - 3)(2a+3)=
4a2 – 9
3) (3+b)(9 - 3b + b2)=
27 + b3
2. Көбейткішке жікте:

1) b2 - 81=
2) 16a2 + 8a +1=
3) 8c3 – d3 =
Тас қақпа ашылады

“В” деңгейі
1. Көпмүше түрінде жаз:
202•198=

Теңдеуді шеш:
х2 - 1, 21=0
Күміс қақпа ашылады

C деңгейі
Көбейткішке жіктеңдер:
( 5а +b) 2 – 9 =
(5a + b - 3)( 5a + b + 3)

Алтын қақпа ашылады
Сый сандықтың есебі: Тест
1) (2х + 3)²
А) 4х ² +9
В) 4х ² +12х+9
С) 4х ²12х +9
2) Көпмүше түрінде жаз:
(5а – 3b)(5a+3b)
А) 25a² +9b ²
В) 25a ² - 9b2
С) 25a² – 30ab +9b ²

3) Көпмүше түрінде жаз:
(2b – 3)(4b ²+6b +9)
А) 8b ² - 27
В) 8b ² + 27
С) дұрыс жауап жоқ

4) 0, 04а ² - 2ав +25в ²
А) (0, 2а – 5в) ²
В) (0, 2а – 2 5в) ²
C) (0, 2а +5в) 2

- Екі өрнектің квадраттарының айырмасы неге тең?

ІІ - ОЙЫН
“А” деңгейі
1. Көпмүше түрінде жаз:
1) (х +12) ²=
X ² +24x +144
2) (4y +7)(16y2+49 - 28y)=
64y³ + 343
2. Көбейткіштерге жікте:
49а ² – 140ас + 100с ² =
(7a - 10c) ²


Скачать


zharar.kz