Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
№55 С. Қожанов атындағы орта мектептің
география пәні мұғалімі: Г. Кемелбекова
Тақырыбы: Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы.
Мақсаты:
- Оқушыларға Африка құрлығының географиялық орны мен жағалауындағы теңіздері мен мұхиттары, ағыстарының табиғатына тигізетін әсері, шығанақтары мен аралдарын сонымен қатар материкті зерттеген саяхатшылар мен материктің зерттелу тарихы туралы білімдерін тереңдету;
- оқушылардың сыни көзқарастары мен өз бетінше еркін жұмыс істей алу дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін, оқушы бойындағы дарындылықты дамыту арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыра түсу;
- табиғаттағы заңдылықтарды ұғына отырып оның сырлары мен құпияларын біле отырып табиғатты сүюге тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: Дж физикалық картасы, атлас, үлестірмелер
Техникалық құралдар: интербелсенді тақта
Түрі: жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: СТО стратегиясының элементтері: ББҮ кестесі, жұппен оқу, семантикалық карта, идея жинау әдістері
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру сәті
1. Амандасу
2. Сынып журналымен жұмыс
3. Оқушыларды 3топқа бөлу
4. Оқушылардың даярлығын тексеру
СЫНЫПТЫ ТОПҚА БӨЛУ.
Сынып оқушыларды әріп теріп жазылған үлестірмелерді ала отырып Африканың кескін картадағы сұлбасын құрау арқылы
1. Африка
2Сахара
3. Сомали
ІІ Жаңа сабақ
І Қызығушылығын арттыру
ББү кестесіне Африка құрлығы туралы білетіндерін жазады.
ІІ Мағынаны тану
Мәтінмен жұмыс
Жұппен оқу
1 - оқушы географиялық орны мен мұхиттары
2 - оқушы жағалау сызығы мен Атлант мұхиты
3 - оқушы Жерорта мен Үнді мұхиты
4 - оқушы Зерттелу тарихы
5 - оқушы Д. Ливингстон мен Г. Стенли
6 - оқушы ХХ ғ зерттеулер
Оқу, айналым жасау
Баяндау
ІІІ ой толғаныс
1 - тапсырма
Кескін картамен жұмыс
3 - топқа ----- Сахара, Виктория, Ніл, Мадагаскар, Гвинея, Сомали, Танганьика, Килиманджаро, Ассаль Шеткі нүктелері
2 - тапсырма
Семантикалық карта. Интербелсенді тақтада, картамен жұмыс