Әл - Фараби атындағы3 курс студенті Рысбек ТоғжанБұрын дінтану десе халықтың құлағына түрпідей тиетін бұл мамандық енді - енді кеңге жайыла бастап, адамдардың бойы үйренді

Скачать

Әл-Фараби атындағы
3 курс студенті Рысбек Тоғжан

Бұрын дінтану десе халықтың құлағына түрпідей тиетін бұл мамандық енді - енді кеңге жайыла бастап, адамдардың бойы үйренді. Нақтылап айтар болсам, бұл мамандықты бітірген студент мешітте имам болып, уағыз айтатын адам емес. Дінтану зайырлы мамандықтардың бірі, яғни экономист, заңгер, бухгалтер дегендеріңізден асып түспесе, кем емес. Бесінші пән ретінде дүниежүзі тарихын таңдауыңыз қажет.

Қазіргі кезде дінтану мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп, қажет деп тапқан мамандықтардың біріне айналды. Қазақстан қоғамының түрлі этностық, конфессиялық сипатын ескере отыра, соған қоса ұлттық діни мұраны сақтап қалатындай қазіргі зайырлы қоғамға, заман талабына сай дінтану пәнін оқыту, дінтанушы мамандар аса қажет және бұл тақырып қашан да өзектілігін жоғалтпайды. Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс - қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша іс - шаралар жоспарын орындау мақсатында Дінтану мамандығы бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін мемлекеттік тапсырыс жыл сайын ұлғаюда. Соңғы төрт жыл ішінде Дінтану мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырыстың көлемі 22 грантқа дейін ұлғайтылып, 2014 - 2015 оқу жылында мемлекеттік тапсырыстың көлемі 82 грантты құрады Жоғары білім саласында барлық мамандықтарға арналған жаңартылған Дінтану бағдарламасы әзірленген.

Дінтану мамандығы бойынша кадрларды даярлау 6 жоғары оқу орнының базасында іске асыруда (әл - Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, Нұр - Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Х. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті).

Енді дінтанушылар қай жерде жұмыс істей алады деген сұрақтың жауабына келер болсақ:
- Мемлекеттік, діни және қоғамдық ұйымдарда бұқаралық ақпарат құралдарында тәуелсіз сарапшы ретінде және сарапшылар комиссиясы құрамында;
- ҰҚК және ІІМ сараптама қызметінің, мемлекеттік басқару, сыртқы және ішкі саясат бөлімінің, дін істері комитетінің қызметкерлері;
- Дін тарихы мен теориясы, заманауи өркениеттің діни - философиялық мәселелері бойынша ғылыми - зертеу жұмыстарында ғылыми қызметкер;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары;
- Бітіруші магистратура мен PhD білімін жалғастыра алады және халықаралық жобаларды іске асыруға (БҰҰ, ISESKO, Ашық қоғам институты және т. б.) қатыса алады;
- Халал стандарттау комитетінің, ҚМДБ қызметкерлері және басқа да мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері;

Қазір әлемдік деңгейде дін шиеленіске жағдайда екені мәлім. Сондықтан, мемлекетке дінтанушы мамандардың жанжалға қарсы тұрақтылығын қалыптастыруға, сонымен бірге жастар ортасында адамның құқықтары мен бостандықтарын қадірлеу принциптеріне, этносаралық және конфессияаралық бейбіт пен келісімге құштарлыққа, диалог жасауға дайын болуына негізделген этномәдени өзара құрметтеудің дүниетанымын және рухани - адамгершілік атмосфераның қалыптасуына ықпал етеді деп қарастырылған.
Өз жолыңды өзің таңда, жас түлек!


Скачать


zharar.kz