Балаға өз бетімен зетттеуге мүмкіндіктуғызған сайын ол одан әрі жақсы оқи түседі Питер Клайн

Скачать

Балаға өз бетімен зетттеуге мүмкіндіктуғызған сайын ол одан әрі жақсы оқи түседі
Питер Клайн.

Қазіргі уақыттағы жаңа педагогика ғылымындағы проблема ол - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Жаңа технологияның әдіс - тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану - ұстаз шеберлігінің белгісі. Ұстаз ретінде оқытып жүрген оқушыларымның ерекшеліктерін зерттеп, біліп алған соң ғана, оларды даму деңгейіне орай әдіс - тәсілдерді іріктеп, талдап қолдануға, жетілдіруге ерекше назар аударып келемін. Оқушыларды жұппен, топпен жұмыстандыру арқылы ұйымдастырылған сабақтар, оқушылардың дарындылығын дамытып, шыңдау жолдарының бірі болып табылады, олардың арасында ынтымақтастық пен серіктестікті тудыру, басқа адамның ойымен де есептесу қажет екенін де түсіндіреді, уақыт үнемделеді. Жұппен және шағын топпен жұмыс тез, жаңа идеяларды ұсынумен қатар белгілі бір жағдайды нәтижелі шешуге де мүмкіндік береді.

Сабақ барысында оқушылардың ізденуін қадағалап, білім дағдысын толықтыруға бағытталған сабақ өткізу әдістерінің бірі - Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан оқу жобасының стратегиялары. Бұл жобаның стратегияларын сабақ барысында қолдану жаңа оқу материалдарындағы оқиға мен құбылыстарды оқушылардың өздері байқап, талдауына жағдай жасайды. Демек, білім оқушыларға даяр күйінде берілмейді, өзінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізеді. Әр оқушы өз ойына шек келтірмей жауап беруге дағдыланады. Оқушы бойындағы танымдық қабілетінің шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады. Практика кезінде өз сабақтарымда қолданып жүрген әдіс - тәсілдер: алты қақпақ, түртіп алу, күнделік жазу, әлем шарлау, рөлдік ойындар, диалогтік әңгіме жүргізу, топтастыру, семантикалық карта, венн диаграммасын толықтыру, Джиксо, сұрақ - жауап. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақ қою арқылы байқағаным: оқушылар тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталанды, пәнге қызығушылықты көрсетті, зерттеуге ынталанды, оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға көмектесті, оқушылардың бір - бірінен үйренді, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпалын тигізді, оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтады.

Әлем шарлау стратегиясы бойынша қойылған сұрақтарға оқушылар алған білімдерін бір - біріне түсіндіріп, жауап бергенде бір - бірін тыңдады.
Топтастыру стратегиясы арқылы сұрақ қойған кезде оқушылар бір нәрсе туралы ойындағы негізгі қажеттіліктерін, білетіндерін, білгендерін топтады.
Кубизм стратегиясы аясында оқушылар сұраққа жауап бергенде ұғымды жан - жақты, әр қырынан салыстырды, анықтады, зерттеді.
Рөлдік ойыны барысында бір - біріне сұрақ қою арқылы тілдері жаттығып, образдарда ойнауға үйренді.
Венн диаграммасы бойынша қойылған сұрақтарға топтар екі жаңа ұғымды салыстырды, екі ұғымның ортақ қасиеттерін таба алды.
Семантикалық карта стратегиясы бойынша қойылған сұрақтарға жауап бергенде оқушылар жаңа ұғымның өзіне тән ерекшеліктерін, қасиеттерін, қызметін, маңызын танып анықтайды, зерттейді.
Фишбоун тәсілін қолданғанда оқушылар белгілі бір мәтін бойынша берілген сұрақты жан - жақты қорытындылап жауап берді.
Тұжырымдамалық карта бойынша оқушылар берілген тапсырмаға нақтылап, қорытынды жасап, зерттеп жауап берді.
Алты қақпақ тәсілі бойынша топтар мәтінді әр қырынан салыстырып, зерттеп, талдап жауап берді.
Ыстық орындық тәсілі аясында оқушылар бір - біріне сұрақ қою арқылы тақырыпты жан - жақты қарастырып, сыни тұрғыдан ойланып жауап берді.
Блум таксономиясы бойынша сабақты қорытынды жасағанда қойылған сұрақтарға топтар білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау аясында жауап берді.
Қорыта келгенде, оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыруымыз керек.


Скачать


zharar.kz