ҚАРАСАЙ БАТЫРДЫҢ ЕСІМХАННАН АЛҒАН БАТАСЫАл, ақ батамды берейін, қолыңды жай:Аллаға қылығың жақсын, Таңда машһар күніңдеАлдыңнан бүлақ ақсын

Скачать

ҚАРАСАЙ БАТЫРДЫҢ ЕСІМХАННАН АЛҒАН БАТАСЫ
Ал, ақ батамды берейін, қолыңды жай:
Аллаға қылығың жақсын,
Таңда машһар күніңде
Алдыңнан бүлақ ақсын!
Періштелер маңдайыңнан иіскеп
Жауырыныңнан қақсын,
Көкірегің ақ болсын!
Қара босағаңнан қыдыр кетпесін,
Қара шаңырағыңнан ырыс кетпесін,
Атың алты алашқа танылсын
Дұшпаның табаныңда қырылсын!
Атың - ұран болсын,
Айтқаның құран болсын,
Жолбарыстың жүрегін берсін!
Бар әулие, әмби, аруақтар қолдай қоршап,
Бар жақсылық тілегінді берсін!
Әумин!


Скачать


zharar.kz