Нағыз адамға тән қасиеттер.
1) Ұғымды, ойлы ететін зерде - зейінің.
2) Сені өрге сүйрейтін - өнер - өрісің.
3) Тек ілгері бастайтын – талабың.
4) Ешқашан алдамайтын - тапқырлығың.
5) Қиындықта сыналатын – қайратың.
6) Бәрінен де күшті – білімің.
Ер жігіттің айнымас серіктері: өмірлік жарың - жұбайың, мінген атың – пырағың, парасатың - ақылың.
Жігіттің жолын кесіп, аяғына тұсау болатын жаулары:
1) жалқаулық
2) аңқаулық
3) жасқаншақтық
4) пасықтық
5) сужұқпас суайттық
6) өсекшілдік
7) мылжыңдық.
Нағыз адам кім? Ойыңызбен бөлісіңіз немесе пікір қалдыру жолына афоризмдер жазып қалдырыңыз.