Импульстің сақталу заңы тақырыбын қорғау

Скачать

Сабақ тақырыбы Сақталу заңдары тарауын қайталау және есептер шығару.
Жалпы мақсаты: Өтілген тарауды қайталай отырып, білімдерін жинақтау және қорытындылау.
*формулаларды есеп шығаруда тиімді пайдалану;
*физикалық шамалардың айырмашылықтарын анықтау;
*формулаларды, өлшем бірліктерді жадында сақтауға тырысу.

Күтілетін нәтижелер *топтық жұмыста белсенділік көрсетеді;
*оқушылардың шығармашылығы дамиды;
*өзіндік жеке жұмысты дамыту жолдарын біледі;
*. сұрақтар қоя алады;
* есеп шығару дағдылары қалыптасады.
Сабақ түрі Аралас сабақ

Тапсырмалар *топқа бөліну. (топқа бөлу үшін физикалық шамаларды пайдаланып тренинг жүргізіледі)
*ассоцияциялық карта толтыру. (зерттеу тақырыптары бойынша өз ойларын жеке, топтық жұмыс арқылы жеткізе білуі керек)
*топтық жұмыс. (әр топ берілген тапсырмалар бойынша формулаларды, анықтамаларды, өлшем бірліктерді сәйкестендіруі керек)
*жеке жұмыс. (тест тапсырмалары, есептер шығару)
*ой бөлісу ( Диалог арқылы оқыту әдісін пайдаланып, осы тарау бойынша әр топ бір – біріне 2 сұрақтан қояды. 1 - жоғары мәртебелі сұрақ, 1 - төмен мәртебелі сұрақ)
*рефлексия ()
Керекті жабдықтар: Оқулық, 9 сыныпқа арналған есептер жинағы, А. П. Рымкевич физика есептерінің жинағы, топшамалар, кесте, бағалау парағы, тест тапсырмалары, белсенді тақта, т. б.

Кіріспе
Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу, түгендеу, сыныпты топқа бөлу.
Сақталу қасиетіне ие болатын қандай физикалық шамалар бар? Сұрақ жауабы: импульс, энергия, заряд. Осы сұрақтың жауабы арқылы топқа бөлу. Тренинг.
Бағалау парағы үлестіріледі. Топ жетекшілері аталып, әр тапсырманы орындау кезінде жауап берген оқушыларды бағалап отыру тапсырылады.

Үй тапсырмасын тексеру: Тарауды қайталау, шолу жасау.
Оқушылар ассоциациялық картаға өз ойларын түсіреді. Зерттеу тақырыптары бойынша өз ойларын ортаға салады, ізденеді.
І топ - Импульс. Импульстің сақталу заңы тақырыбын қорғау.
ІІ топ – Реактивті қозғалыс тақырыбын қорғайды.
ІІІ топ – Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы тақырыбын қорғайды.
Сақталу заңдары тарауын қайталау және есептер шығару жүктеу


Скачать


zharar.kz