Қосудың ауыстырымдылық қасиетін айту

Скачать

Кестелік қосу және азайту + 2, - 2
Сабақтың мақсаты: 1. Сандардың құрамы, қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімін бекіту.
Кестелік қосу, азайтудың 2 – кезеңін қалыптастыру.
Білімділігі: 2 санын қосу кестесін және сан құрамының сәйкес жағдайларын білу есептеулер жүргізуде қолдану біліктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Тапқырлықты, ой ұшқырлығын және шығармашылық қабілетін, сөйлеу тілін,
өздігінен әрекеттенуін дамыту.
Тәрбиелігі: Балалардың бойындағы рухани – адамгершілік қасиеттерін дамыту, қоршаған ортасымен ізгілік қарым - қатынасын қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, имандылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту.
Сабақтың принцптері: біртұтастық, жүйелілік, ғылымилық
Сабақтың көрнекілігі: сызба, сандар класы, ойын түрлері, интерактивті тақта.
Сабақтың әдісі: қызығушылықты ояту, сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік,
талдау, ажырату, дәлелдеу, топтау, салыстыру, жинақтау,
ізденушілік.

Сабақтың барысы:
І. Кіріктірілген бөлім
Бағдарлау - мотивациялық кезең.
Жауабын тез тап ойыны
8 + 2, 9 - 2, 6 + 2, 7 - 2
9 + 2, 11 - 2, 10 + 2, 12 - 2

Үндемес ойыны
II. САРАЛАНҒАН БӨЛІМ
Операциялық - орындаушылық кезеңі
1 - сынып
№1. Оқы, мәнін тап.
3 + 2
4 + 2
2 + 3
2 + 4
Қосудың ауыстырымдылық қасиетін айту
№2. Өрнек құрастыр
4 + 2
5 + 2
6 - 2
7 - 2
Қосу мен азайту – өзара кері амалдар
№3. Есепті шығару
№4.
5 +... = 7
8 +... = 10
6 -... = 4
7 +...= 9
№5. Қосындылар мен айырмалар құр.
+ 2=
- 2 =

2 – сынып
№1. Қосындының және айырманың мәндерін тап.
9 + 2
2 + 9
11 – 2
11 – 9
№2. Теңдеу шеш.
а + 2 = 11
а – 9 = 2
11 – а = 2
№3. Есепті шығар.
№4. Өрнекті жаз және мәнін тап.
(а) 1 - ге 1 мен 9 санының қосындысын қос.
(ә) 11 мен 1 санының айырмасынан 8 - ді азайт.
№5. Өрнектің мәнін табу.
а + 2 ------------- а = 30, 50, 9

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
№7 орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Тлеу Мария



Скачать


zharar.kz