Сабақ тақырыптары:
1. Шерхан Мұртаза "Тұтқын бала" әңгімесі
2. Сайын Мұратбеков "Қылау" әңгімесі
Әдебиет 6 сынып
Қысқа мерзімдік жоспары
Сабақтың тақырыбы С. Мұратбеков "Қылау" әңгімесі
Мақсаты Шығармашылық, танымдық қабілетін шыңдау
Міндеті • Өз ойларын еркін айта алуына ықпал ету
• Тапсырмалардың дұрыс орындалуына бағыт бағдар беру
• Оқушының еркін жұмыс жасай алуына жағдай жасау
Күтілетін нәтиже
● Әңгіменің мазмұнын меңгереді.
● Шығарманы композициялық құрылысына талдау жасау біледі
● Әңгімені талдай отырып, өмірмен байланыстыра алады.
Дерек көзі 1. Википедия ашық энциклопедиясы
2. Ғаламтор.
Сабақтың барысы
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
1. Сергіту сәті: Биле - биле
2. Сыныпты топқа бөлу. Геометриялық фигура арқылы топтасу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
♦ Бала Тұрардың болашағы өз қиялдарыңмен әңгімені аяқтауы
♦ Шерхан Мұртазаның Тұтқын бала әңгімесі бойынша Кубик ойыны арқылы сұрақ – жауап
1. Тұрар кім?
2. Рысқұлдың Тұрарды қасына алдыруының себебі неде?
3. Тұрар оқу мен жазуды кімнен үйренеді?
4. Тұрардың дәптерге жазған алғашқы сөздері?
5. Мектепте барғанда Тұрардың фамилиясы?
6 Тұрар кімге көмекші болды?
ІІІ. Жаңа сабақ
Қылау дегеніміз не?
Шығарма неге қылау деп аталады?
Қылау – қыста сілбіреп жауатын ұлпа, майда қар
Тақырыптың қылау деп аталу себебі: Сатай мен Рабиғаның достығының қылаулап басталуы.
Қызығушылықты ояту ой шақыру.
Қай сәт бейнеленген? Сатайдың сөздерінен мысалдар келтіріп, қай кезде айтылғанын табу.
♦ Әй, беймазасын - ай, осы шалдың!
♦ Шіркін - ай, ең болмаса он минут ұйықтар ма еді?
♦ Қара ішікті оранып ап, аунай кетіп ұйықтаса, шіркін!
♦ Мұндайда қасқыр кездесуі мүмкін – ау!