Жұқа линзаның формуласы

Скачать

Физика 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Линзалар. Жұқа линзаның формуласы. Линзадағы сәуле жолдары. Линзада кескін алу. Оптикалық аспаптар.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Жұқа линзаның формуласын түсіндіріп солар жайлы түсінік қалыптастыру.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакат

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу; Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
а) теориялық білімдерін тексеру.
ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
б) есептерін тексеру.

ІІІ. Білімді жан - жақты тексеру.

ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша жұқа линзаның формуласымен танысамыз.
1. Қандай құбылыс жарықтың шағылуы деп аталады?
2. Шағылудың қандай түрлерін білесіңдер?
3. Қандай айна жазық айна деп аталады?
4. Жазық айна шын кескін бере алады ма?
5. Қандай кескін шын кескін деп аталады?
6. Қандай құбылыс жарықтың шағылуы деп аталады?
7. Жарық жазық параллель пластиналар арқылы өткенде қандай құбылыс байқалады?
8. Көлдің шын және көрінерлік тереңдігі деген не?
9. Призмадағы сәуленің жүру жолын қалай анықтауға болады?
10. Айнаны ұлғайтуды дегенді қалай түсінесіңдер?

V. Жаңа материалды меңгерту: Жұқа линзаның формуласы. Линзаның үлкейтуі.
Үш шаманың; нәрсе мен линзаның d ара қашықтығын (1 - суретте ОВ) кескіннен линзаға дейінгі f ара қашықтықтың және фокустық Ғ ара қашықтықты (ОҒ) байланыстыратын формуланы геометриялық жолмен қорытып шығаруға болады (біз сіздерге қорытынды формуланы береміз). немесе
Осы қатыстарды жұқа линзаның формуласы деп атайды. d, f және F шамалар оң да,
теріс те болуы мүмкін. Линза шашыратқыш болған жағдайда F


Скачать


zharar.kz