Жолақшаның бестен бір бөлігін бояп, сол бөліктің ұзындығын өлше

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Санның бөлігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, санның бөлігі (үлесі)
қалай пайда болатынын, қалай аталатынын таныстыру

Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау. Шығармашылыққа жетелеу.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды тапқыр лыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу. Ізденуге, өзін-өзі басқаруға, ұжымдылыққа, белсенділікке тәрбиелеу. Жауапкершілікті сезіне білуге үйрету
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: 1Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу.
Назарын сабаққа аудару.
2 Үй тапсырмасын сұрау: құпия сан
Үй тапсырмасын оқыту. Құпия сандар жайында айтады.

15 пен 15 – тің көбейтіндісі нешеге тең? Мен 1 сан ойладым. Оған 27-нің 3-тен бір бөлігін қосқанда, 30 шықты.
Ойлаған санды тап
Тік төртбұрыштың периметрін қалай табасың? Ширек деген не?

3. Жаңа сабақ
Дөңгелек неше тең бөлікке бөлінген?
Дөңгелектің қандай бөлігі боялған?
- Жолақша неше тең бөлікке бөлінген?
- Жолақшаның қандай бөлігі боялған?

Дәптермен жұмыс.
Математикалық диктант
2 тапсырма топқа бөлініп беріледі?
1-топ
Ұзындығы 1 дм жолақша сыз. Жолақшаның бестен бір бөлігін бояп, сол бөліктің ұзындығын өлше.
2-топ
Ұзындығы 5см, ені 1см болатын тік төртбұрыш сыз. Тік төртбұрыштың бестен бір бөлігін боя
3-топ
Кесіндінің 5-тен бір бөлігінің ұзындығы 2см. Сол кесіндіні сыз.

Кім зерек?
“Ой дамыту” бөлімі
3-топ жарыса отырып сұрақтарға жауап береді
1-топ
1. 1 сағаттың жартысын да неше мин. бар?
2. 1 сағаттың 3-тен бір бөлігінде ше?
3. 1 сағаттың 6-дан 1 бөлігінде ше?
4. 1метрдің жартысын да неше см бар?
5. 1м 5-тен бір бөлігінде
6. 1центнердің жарты сында неше кг бар?
7. 1 ц 5-тен бір бөлігінде ше?

2-топ
1. Жылдың 3-тен бір бөлігі неше?
2. Тәуліктің 3-тен бір бөлігі.
3. Ұзындығы 15 см кесіндінің ұзындығы?
4. Динаның жасының, егер ол 9-да болса?
5. Қарбыздың массасының, егер оның массасы 12кг болса?
6. 35 пен 35-тің көбейтіндісі нешеге тең?
7. 65 – пен 65-тің көбейтіндісі нешеге
3-топ
1. 12 санының жартысы нешеге тең?
2. 9 санының 3-тен бір бөлігі
3. 30 санының 5-тен бір бөлігі
4. 4 санының 4-тен бір бөлігі
5. 8 санының 4-тен бір бөлігі
6. 12 санының 4-тен бір бөлігі
7. 16 санының 4-тен бір бөлігі
8. 24 санының 4-тен бір бөлігі
9. 28 санының 4-тен бір бөлігі
10 32 санының 4-тен бір бөлігі

Сергіту сәті
Логикалық есеп.
5 санын үш рет пайдаланып, 30 санын шығару керек.

Оқулықпен жұмыс
1-топ ------------------2-топ----------------3-топ
8 тапсырма ------9 тапсырма -------10 тапсырма
8: 4 =2 ------------- 9 х 2= 18 ----------(74 – 9 ) + 74=139

11 тапсырма Тақтамен жұмыс.
Әр топтан 1 оқушы тақтаға орындайды.
310 және 90 сандарының қосындысынан 120-ны азайт
900-ден 540 және 150 сандарының айырмасын азайт.
180 және 90 сандарының айырмасына 70-ті қос

13 тапсырма:
Р= (10 см + 5 см) ●2 Р=30см
Р=(5 см + 3см) ●2 Р= 16см
30 см – 16 см=14 см

14 тапсырма. Өзіндік жұмыс
Әр топтан оқушылар шығып, қалдықпен бөлуді орындайды, тексереді
13: 5 ---------14: 5 -------------16: 5
17: 5 ---------18: 5------------- 19: 5

Мағынаны ашу.
15 тапсырма.
Фигураның қандай бөлігі боялған?

Қорытынды бөлім:
Жасырынған сөйлемді тап
18-дің жартысы
8-дің төрттен бір бөлігі
18-дің 3-тен 1 бөлігі
300-бен 100-ден 1 бөлігі
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды.

1992 жыл 4 маусымда ҚР республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы және Әнұраны бекітілді.
Үйге тапсырма.
№13, №16 106 бет
Бағалау:


Скачать


zharar.kz