Мұқағали Мақатаевтың өмірбаянымен өмір жолымен таныстыру

Скачать

3 - 4 сынып оқушылары
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби - сазды кештің сценарийі

Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмірбаянымен өмір жолымен таныстыру. Ақындық талантын оқушыларға насихаттау, поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншіліктерін арттыру.
Кештің көрнекілігі: кеш тақырыбы мен ақын портреті, буклет, альбом және кітап, журналдармен көркемделген көрме, тақырыптық слайд.

1 - жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымен бақытты халық.
2 - жүргізуші: Бүгінгі Аққулар ұйықтағанда атты әдеби - сазды кешіміз қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жарқырап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналып отыр. Мұқағали Мақатаев (1931 — 1976) Алматы облысының ұлы Хан - Тәңірі тауының етегіндегі Қарасаз ауылында дүниеге келген. Горкий атындағы Лениград (Санкт - Петербург) университетін бітірген. 9 ақпан күні көзі тірі болса 83 жасқа толар еді...

1 - жүргізуші:
Бүгін менің туған күнім
Ой, пәле - ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім - ақ,
Тәңірдің бір жарытпай - ақ қойғаны - ай.

2 - жүргізуші: Мына дүние неге жатыр үндемей?!
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ - құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
Мынау – шапан,
Мынау – атың, мін - демей.

1 - жүргізуші: Тойланбаса, тойланбасын,
Не етейік.
Той көрмей - ақ, сый көрмей - ақ өтейін
Қаламымды берші маған бәйбіше,
Болашаққа арыз жазып кетейін...

2 - жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер - тұрманы,- деп аға жайдан - жай айтпаған ғой.

1 - жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып, өлең - жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы сан қырлы. Оны біріміз білсек те, біріміз білмейміз, енді бір сәт оның өмірінен деректерге жүгінсек.

Менің анкетам өлеңін жүргізушілер кезекпен оқиды.
- Туған жерің?
- Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
- Жынысың кім?
- Еркекпін ғой, еркекпін!
- Және - дағы тәуірмін...
- Партияда барсың ба?
- Жоқпын.
- Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын.
- Шыққан тегің?
- Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
- Білімің ше?
- Орташа ғой.
Алайда оны жоғарыға балаймын.
- Ана тілің?
- Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
- Қайда істедің?
- Мынау Еңбек кітапшамнан танып ал.
Оқымаған дипломсыз демесең
Бір басымнан бар мамандық табылар.
- Міндетісің бе әскерге?
- Міндеттімін.
Бірақ әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
- Сөгіс алып көрдің бе?
- Ол жағынан періште едім дей алмаймын,
Мен мүлде.
Ойлы - қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...
- Шетелдерде болдың ба?
- Болғамын жоқ.


Скачать


zharar.kz