Класы: 6
Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы Жақсы мен жаман адамның қасиеттері
Сабақтың мақсаты: білімділік – Жетісудың ақындарының алтын діңгегі Сүйінбай Аронұлының өміршең өнері жайлы сыр шерту, өлеңнің мағынасын ашып түсіндіру.
дамытушылық – өлеңді мәнерлеп оқуға, оқушының сөйлеу тілін дамыту, өзіндік пікір, ой қорыта білуге жетелеу
тәрбиелік – оқушыларды жаман қасиеттен бойын аулақ ұстап, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жақсы адам болуға тәрбиелеу, адамгершілік
асыл қасиеттерді бағалау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: өлең құрылысына талдау, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі: Сүйінбай Аронұлының портреті, интерактивті тақта, тақырып бойынша слайдтар.
Пәнаралық байланыс: саз өнері, қазақ тілі
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру.
Кіріспе. Жылы лебіз стратегиясы: Оқушылар бір - біріне жақсы қасиеттерін айтып гүл сыйлайды. Мысалы: Мейірімді Гүлімге , Аңқылдақ Шапағатқа , Елгезек Нұртілекке т. б.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Дулат Бабатайұлының О, Ақтан жас, Ақтан жас өлеңі бойынша Ақтанның болашағы атты ойтолғау жазу,
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
IV. Мағынаны тану кезеңі
Айтыс өнерінің майталман жүйрігі
Есіп тұрған қызыл жел
Қазақтың әйгілі ақыны
Қынаптағы қылыш
Аспаннан түскен жасын
Есіп тұрған қызыл жел
Жырдың қияқты сұңқары
Мұғалім: Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп көрген жан емен.
Бөрідей жортып кеткенде
Бөлініп қалған жан емен – деп жырлағандай айтыс өнерінің асқан шебері, ешкімге жүлде бермеген ерен ақын Сүйінбай Аронұлының Жақсы мен жаман адамның қасиеттері атты өлеңін бүгінгі сабақта өтеміз.
Ақын Жақсы мен жаман адамның қасиеттері өлеңінде өмірдегі асыл мен жасықты, ер мен езді, жақсы мен жаманды, ізгі мен зұлымды көп көріп, көңілінде таразылап, этикалық тұрғыдан пайымдайды. Өлеңнің атынан көрініп тұрғандай, онда жақсы мен жаман адам, оларға тән қасиеттер бір - біріне қарама - қарсы қойылып сипатталған.
Хронологиялық кесте арқылы С. Аронұлының өмір деректеріне тоқталу.
Жылдар Оқиғалар
1815 жыл Алатау бөктеріндегі Алматыға жақын Қарақыстақ ауылының Бұлақ деген жерінде туған.
13 - 14 жасында Түс деген алғашқы өлеңін жазады.
1852 жылы маусым айында Қырғыз ханы Орман атасы асында Сүйінбай мен Қатаған айтысады. Сүйінбай айқын басымдылықпен жеңеді.
1898 жылы 83 - жасында дүние салған.
Мұғалім: Жақсы мен жаман адамның қасиеттерін өлеңін домбырамен сүйемелдеп, әнге салып орындап берді.
Y. Топтастыру стратегиясы арқылы жақсы мен жаман адамның қасиеттерін табады.
YI. Өлеңнен теңеу сөздерді тауып, дәптерге жазу.
анасындай, баласындай, ағасындай, ағашындай, шаласындай, танасындай, аласындай, серкесіндей, еркесіндей, көрпесіндей, бөлкесіндей,, жыл құсындай, үңғысындай, тұрғысындай, жындысындай.
YII. Сөздікпен жұмысы
Парқы – бағасы
Миуалы – жемісті
Көр көкірек – еш нәрсеге түсінбейтін, бос кеуде
Көзі соқыр – түк білмейтін надан
Шала – оттағы толық жанып бітпеген ағаш
Тана - 1 мен 2 жас аралығындағы ірі қара.
Сөзі майда – сыпайы, әдепті сөйлейді.
YIII. Сабақты бекіту, қорыту.
Халық мақал - мәтелдерінен екінші сыңарын еске түсіру.
1. Жақсы көргенін мақтап жүрер,
Жаман көргенін даттап жүрер.
2. Жақсыға қылған жақсылық, өмірінше тозбайды,
(Жаманға қылған жақсылық, бір күнгідей болмайды)
3. Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше.
(Жаман адамның ашуы басы жерге тигенше.)
4. Жақсыны сыйласаң есінен кетпейді,
Жаманды сыйласаң есігіңнен кетпейді.
5. Жақсыға берсең асыңды, жақсы сыйлар басыңды.
Жаманға берсең асыңды, итке тастар басыңды
6. Жақсы көрісіп келіседі,
Жаман келісіп керіседі.
7. Жақсыға ерсең, жетерсің мұратқа,
Жаманға ерсең, қаларсың ұятқа.
8. Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ,
Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ
9. Ай - ортақ, күн - ортақ, жақсы - ортақ.
10. Екі жақсы қосылса, айрылысуға қиыспайды,
Екі жаман қосылса, кең дүниеге сиыспайды.
11. Атасы жақсы, көргенін айтады,
Атасы жаман, бергенін айтады.
12. Биікке шықсаң көзің ашылады,
Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады
13. Жақсы болсаң жаның көп.
14. Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.
15. Жақсыда жаттық жоқ,
Жаманда жақындық жоқ.
IX. Оқушылар білімін бағалау.
Х. Үйге тапсырма:
1. Өзіңе ұнаған шумағын жаттау.
2. Жаныңда жүр жақсы адам ойтолғау.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Жақсы деген кісінің
Алды - арты бірдей жарық болар
Жақсы деген ісіңнің
Бас - аяғы бірдей анық болар
Жаман деген кісінің
Алды - арты бірдей жау болар
Жаман деген ісіңнің
Бас - аяғы бірдей дау болар - деп сабағымызды қорытындылап, оқушылар өмірде жаман мен жақсыны айыра біліп, тек жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіріп, әдепті болайық.