Бүгін халықаралық Балаларды қорғау күні

Скачать

Балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілік.

Балабақша ойын алаңы алуан түрлі шарлармен безендірілген.
Музыка әуенімен балалар
Жүргізуші: Құрметті де сүйікті балалар ата - анала, мен қонақтар!. Бүгін халықаралық Балаларды қорғау күні!. Бұл мерекені дүние жүзі тойлайды. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні, біліп қой.
Алақай - ау, алақай,
Той тойлайық балақай.
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық балақай.
Бәріміздің үлкен болсын, кіші болсын тілегіміз бір, ол – бейбітшілік пен ынтымақ. Енді біздің балаларымыз өз отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін өлең жолдарымен жеткізеді.

Аққайың тобының балалары:
Жасыл көктем, сен көктем,
Келді гүлмен өрнекпен.
Ел бақыты, мерейлі,
Балаларды әндеткен.
Гүлмен келсін келер күн,
Бала - бағы бар елдің.
Балалардың күлкісі,
Көркі, сәні әлемнің.

Жұлдызша тобы.
Отан деген – атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан ана, Отан үлкен,
Қазақстан туған ел.

Айгөлек тобы.
Отан – Анам,
Отан - Әкем.
Осы сөзім қате болса неге біздер.
Дейміз оны Атамекен.
Әсем: Отанды біз Атамекен
Деп атап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.

Жүргізуші: Біздің балғын балаларды ортаға шақырайық.
Біздің балаларымыз Көңілді доптар гимнастикалық жаттығу орындайды.
Жүргізуші: Мағыналы оймен әсем әуен бейбітшілікті, бақытты, туған өлкені жырлайды.
Әрқашан күн сөнбесін әні.
Жүргізуші: Сүйікті балалар, бүгін сендердің мерекелерің – жер бетіндегі балалардың достық мерекесі. Енді тамашалайтындарыңыз - би Қазақ биі .
Жүргізуші: Жұлдызша ересектер тобының кішкентай сүйкімді биші қыздарын қарсы алыңыздар. Чарльстон биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Мың бұралған биші қызымыз Байзақ Жұлдыз Шығыс биін орындайды.
Жүргізуші: Гимнастикалық этюд.
Жүргізуші:
Балалар мен сендердің жақсы сурет салатындарыңды білемін. Сондықтан бір сәт бәрің суретші болыңдар. Жерге түрлі - түсті борлармен әдемі де әсем сурет салыңдар.
Бейбіт күнде өмір сүреміз тақырыбына асфальтқа бояу бормен сурет салады.

Жүргізуші:
Ар - намыс бір, үш бір,
Аға ардақты, іні - гүл.
Бақыт туын көтерсін,
Балалардың күні бұл!.
Мерекелерің құтты болсын!
Жүргізуші: Қол ұстасып бір - бірімізге жылуымызды таратайық,
Дос болайық, шыққан күнге қуанып,
Қолымызды күнге созып шарымызды ұшырайық.


Скачать


zharar.kz