Жоғарыда көрсетілген құрам бойынша қамыр дайындау қажет

Скачать

Дәмді пицца рецепті
Қамырына:
Ұн - 2 стакан (200 грамдық стакан)
Су - 1 стакан (200 грамдық стакан)
Тұз - 1 шай қасық
Шекер – 1,5 шай қасық
Ашытқы дрожжи - 9 грамм (1 шай қасық)
Сұйық май - 2 ас қасық

Пиццаға:
Шұжықша (сосиски) – 2 шт
Саңырауқұлақ (грибы) - 2 шт
Қызанақ - 1 бас
Ірімшік (сыр) - 200 грамм
Томат пастасы - 1 ас қасық

Бұл пицца ашытылған қамырдан дайындалады сондықтан көбірек уақыт жұмсалады. Жоғарыда көрсетілген құрам бойынша қамыр дайындау қажет. Қамырды көтерілуі үшін 30-40 минтуқа қоямыз. Қамыр дайын болған соң, жұқалап жаямыз да табаға саламыз, бетіне жұқалап томат пастасын жағамыз, үстіне ірімшіктің жартысын үккіштен өткізіп себіңіз, шұжық немесе шұжықшаны турап салыңыз, үстіне саңырауқұлақты сонан соң қызанақты турап салыңыз, соңынан қалған ірімшікті үккіштен үгіп себіңіз. Алдын ала 200 градус қызып тұрған пешке 10-15 минутқа қойып пісіріңіз.

Тез дайындалатын пицца
Нан (батон) - 200 гр
Пісірілген шұжық (колбаса вареная) - 200 гр
Қызанақ - 1 бас
Ірімшік (сыр) - 120 гр
Жұмыртқа - 6 бас
Сұйық май - 5 ас қасық
Тұз, бұрыш, көкшөп - дәміне қарай
Шұжық, нан, қызанақты ірі төртбұрышты етіп тураңыз. Табаға май құйып қызған соң шұжықты салып 2 - 3 минуттай қуырыңыз, нанды салыңыз аздап қуырған соң қызанақты салыңыз да 2 минут қуырыңыз үстінен жұмыртқаны салыңыз да 5 - 6 минутқа қақпағын жауып жай отқа қойыңыз. 5 минуттан соң, ірімшікті үккіштен өткізіп үстінен салыңыз да 2 минутқа қойыңыз. Дайын болған пицца үстіне аскөк сеуіп ұсынуға болады. Пицца дайын, асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Жайна


Скачать


zharar.kz