Ауызекі сөйлеу стиль туралы айтып бер

Скачать

Қазақ тіліі 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Өтініш, сенімхат
Сабақтың мақсаты: 1) өтініш және сенімхат туралы түсінік беру, жазылу жолдарын ұғындыру, стиль түрлерінен ажырата білуді үйрету;
2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру, сауатты, әдемі жазуға бейімдеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін ажырату;
3) оқушыларды патриоттыққа, жігерлікке, жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, қосымша материалдар т. б
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын:
1. қазақ тіліндегі стиль түрлері айтып бер.
2. Ауызекі сөйлеу стиль туралы айтып бер
3. Көркем әдебиеті стилі туралы не айта аласыңдар?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.

1. ӨТIНIШ
Өтініш – азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, жазбаша түрде баяндалатын, өтіну, сұрау туралы ресми құжат.
Өтініш жазылатын негізгі жағдайлар төмендегідей:
- жұмысқа қабылдау
- жұмыстан босату
- басқа жұмысқа ауыстыру
- кезекті демалыс сұрау
- кезектен тыс демалыс сұрау
- материалдық көмек (пәтер бөлу), балабақшадан орын бөлу және т. б. туралы сұрау
- жалақыны көтеру туралы өтініш айту және т. б.

2. СЕНІМХАТ – сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс - әрекетті асыруға құқық беретін, олардың өзара келісімін куәландыратын құжат. Сенімхат мекеме атынан да, жеке адам атынан да беріледі. Ол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да түрлі әрекеттер жасауға сенім білдіріп, құқық береді. Ресми сенімхаттар мекеме бланкіге рәсімделеді.
Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке жазылады да, мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады.
Егер сенімхат жеке адам тарапынан берілсе, сенімхат иесінің аты - жөні, құжатының аты мен нөмірі жазылып, қолы қойылады. Төменгі жағына мекеме басшысы не нотариус сенімхат иесінің қолын растап, мөр басады.

Сенімхат
2003 жыл 1 желтоқсан, Алматы қаласы
Мен, Серік Жәнібекұлы Мәметов куәлік: №80265498 ҚР ІІМ берген, мекен - жайым: Алматы каласы, Сейфуллин көшесі, 456 үй, 3 пәтерде тұратын азамат Есенгелдин Жомарттың, туған атам - Мейлібаев Маметтің қайтыс болғанан кейін қалған мүлікке менің мұрагерлік құқығымды рәсімдеуіне сенім білдіремін. Бұл үшін мен азамат Есенгелдин Жомартты:
- менің атымнан өтініш жазуға;
- анықтамалар мен құжаттар алуға;
- менің орныма қол қоюға;
- мұрагерлікке құқық беру туралы куәлікті алуға өкілетті етуге сенім білдіремін.
Сенімхат 2004 жылдың 1 желтоқсанына дейін берілген және 1 жыл күшінде.

01. 12. 2003
С. Маметовтың қолын растаймын
Жаттығумен жұмыс: Төмендегі мәтіннің стилін анықтаңдар. Қарамен берілген сөздерге синтаксистик талдау жасаңдар.

Шығармашылық жұмыс: Ел рәміздері елдігіміздің басты нышандары тақырыбына эссе жазыңдар.

Білімді бекіту: Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Стильдер нешеге бөлінеді?
2. Ауызекі сөйлеу стилі дегеніміз не?
3. Ресми іс - қағаздары дегеніміз не?
Бағалау: Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: өтініш және сенімхат жазып келу.


Скачать


zharar.kz