Қарағанды қаласы, № 74 ЖББОМ орыс сыныптарына
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Зарубаева Лилия Елеуханқызы
І. Сабақтың тақырыбы: Сауда жасаймын. Үстеу.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік:тақырып бойынша жаңа сөздермен танысу, тақырып төңірегінде әңгіме жүргізу, сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру, үстеу туралы түсініктерін кеңейту;
ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, сөйлеу мен жазуды қалыптастыру. Шығармашылықты дамыту, сауаттылық пен қызығушылықты арттыру;
б) тәрбиелік: көпшілік орындарда өзін мәдениетті ұстауға баулу.
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІҮ. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, талдау, ойын, сұхбаттасу
Ү. Сабақтың көрнекілігі: тапсырма парақшалары, суреттер
ҮІ. Пәнаралық байланыс: орыс тілі
ҮІІ. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй жұмысын тексеру
4-тапсырма, 54-бет.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру
2. 1-тапсырма. Сурет бойынша мәтін құрастырыңдар.