Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданында Айгөлек бала - бақшасының тәрбиешісіАлипкалиева Тажигуль ИбраевнаАрмысың, әз Наурыз

Скачать

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданында
"Айгөлек" бала-бақшасының тәрбиешісі
Алипкалиева Тажигуль Ибраевна

Армысың, әз Наурыз!
Мерекеге орай безендірілген залға балалар музыка әуенімен келіп кіреді.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, әріптестер! Қош келіпсіздер! Бүгінгі ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурызбенен ұласып көктем жеткен!
Үлкен – кіші көңілін көкке өрлеткен!
Жан – жануар, табиғатты түрлетіп,
Ескі жылмен реніш, өкпең кеткен!- дегендей,

Жаңа жыл тек жақсылық ала келсін, төрт түлігім төлдесін,
ақ мол болсын, егін ырғын өсіп, ел тоқ болсын!

Ортаға сән салтанатымен Наурыз шығады.

Наурыз: Жайнатамын бар гүлді
Сайратамын бұлбұлды
Төгілтіп ән – күй жырды
Мейрамдайық бұл күнді.
Тіршіліктің бастауы
Наурыз айы - мен болам

Күн мен Түн шығады.
Күн: Сәулесі мол күнмін.
Түн: Жұлдызы мол түнмін.
Күн мен Түн: Ұзақтығы бірдей болып
Теңелеміз бұл күні

Жүргізуші: Ал балалар, жарыса билеп, ән салып, ойын ойнап, тақпақ айтып, өнерді ортаға салайық.

Есет: Наурызды халқымыз,
Жыл басы деп санайды.
Көнермеген салтымыз,
Көп елдерге тарайды.

Нұрай: Наурыз, наурыз, ұлы той,
Жыл жаңару салты ғой
Ұлы қазақ мәз – мейрам,
Құшақ жая, қауышқан
Әз, Наурызым, армысың!
Жаңа – жылдың жаршысы

Есқара: Наурыз келді далама,
Шат – шадыман жайқала
Құстар сайрап бақшада
Ақ мол болсын береке
Қазақ төрі – мереке

Жүргізуші: Наурыз, наурыз жыл басы,
Наурыз бақыт жыл басы
Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа – дегендей келесі кезекті Валерий Нұрай, Мырзабай Нұрлыбек, Мұқан Алтынайдың орындауында
Жау, жау жаңбыр әнін қабыл алыңыздар.

Бибімариям: Бар алашты жаулаған
Алтын қақпа – ақ ордам
Әз Наурызым, қош келдің!
Төрлет, төрле, құт қадам

Алтынай: Салт – дәстүрі қазақтың алтын асық
Мұхиттай кең дария бетпақ асып
Сұлуға көрік берер жақұт – гауһар
Аламан, алтыбақан, көкпар тартып


Скачать


zharar.kz