Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, 100 орта мектебіБейнелеу өнері және сызу пәні мұғаліміКөшімбет Сұлтан ИбайдуллаұлыФашистік Германияны жеңудегі Қазақстандықтардың қосқан үлесі

Скачать

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, № 100 орта мектебі
Бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі
Көшімбет Сұлтан Ибайдуллаұлы

Фашистік Германияны жеңудегі Қазақстандықтардың қосқан үлесі.
1941 жылы маусым айының 22-де таңғы сағат төртте КСРО-ның батыс шекарасында жарқылдаған от сәулелері байқалып, тез арада көбейіп қызылды – жасылды болып, батыс жақтан келген ұшақтар аэродромды соғыс қаруы тұрған қоймаларды қалаларды бомбалап астан-кестең етіп гитлерлік германия Отанымызға соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес мемлекетінің батыс шекарасында соғыс осылай басталды. Бұл соғыс КСРО тарихына Кеңес елінің Ұлы Отан соғысы деген атпен енді. Өйткені соғысты бастаушылар осы мемлекетті жоюды мақсат етті. Ал кеңес халқына өз елін, мемлекетін, халқының тәуелсіздігін сақтап қалу жолында осы соғысты жеңіспен аяқтау үшін бүкіл ел, бүкіл халық қатысты.

Германия фашистері бұған дейін бірнеше елдерді басып алған еді. Олар КСРО-ға қарсы соғысқа барынша дайындалды. Күшіне сенгені сондай бұл елді үш төрт айда алуды жоспарлаған. Бірақ жау қателесті. Жаз айының осы бір жайма шуақ күнінде Қазақстанның қала және елді мекендерінде Қазақстан еңбекшілері барлық күшін жауды күл – талқан етіп жұмсауға қызыл армияға керекті нәрсенің бәрімен халықтардың орыстар мен украиндардың беларустар мен молдавандардың латыштар мен литвандардың және эстондардың жеріне жау басып кіргенде осылайша батылдықтың шын достықтың үлгісін көрсетті.

Осы соғыстың қарсаңында Қазақстанның халы алты миллионнан астам еді, олардың бір миллион екі жүз мыңдайы әскер қатарына шақырылды. Қазақстандықтар фашистердің опасыздықпен жасаған шабуылын қатаң айыптады. Қазақстан Республикасы еңбекшілері өздерінің жиналыстарында Кеңес үкіметінің Барлығы да майдан үшін, барлығы да жеңіс үшін деген үндеуін бір ауыздан қолдайтындықтарын білдірді. Дұшпан мен тікелей шайқасуға өз еріктерімен тілек білдіргендер күн сайын әскери комиссариаттардың алдына өздерінің Фашистердің айуандығына қанымыз қайнады, бізді соғыстың алдыңғы шебіне жіберуіңізді сұраймын деген арыз өтініштерімен соғысқа баруға топ болып келе бастады. Қазақстанға жалпыға бірдей әскери істі оқыту өріс алды. Республикада екі миллионнан астам адам әскери мамандық алды. Соғыстың өте-мөте қиын болған алғашқы кезеңінде жасақталып, үйретіліп майданға жіберілді. Бұл құрамалар мен бөлімдер интернационалдық құрамда жасақталды. Мысалы Қазақстандық 36-дербес атқыштар бригадасының құрамында отыздан астам ұлттардың жауынгерлері болды. Шайқастағы армия қатарына бір миллион бір жүз тоқсан алты мың бір жүз алпыс төрт Қазақстандық қосылды.

Қазақстан компартиясының соғысқа дейінгі құрамынан 82251 коммунист, Республика комсомолының 241996 жастар майданға аттанды. Бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да шаруашылықтың барлық саласы соғыс мақсатына лайықталып қайта құрылды. Көптеген өнеркәсіп орындары соғысқа қажетті өнімдер шығаруға кірісті. Бірқатар кәсіпорындардың жабдықтары салынып жатқан өнеркәсіп кешендерінің құрылысын аяқтауға пайдаланылды. Мысалы Ақтөбе ферроқорыту заводының жаңа құрылыстары Запарожье ферро қорыту заводының аяқталмаған құрылысы мен жабдықтарын алды. Алматыдағы автомобиль жөндеу заводының аяқталмаған құрылысы Луганск ауыр машина жасау заводының цехтары үшін база болды. Республиканың оңтүстігіндегі тамақ өнеркәсіптерінің жаңа құрылыстары Украина пен басқа салалар пайда болды. Шымкент қорғасын зауытының өнімі тікелей оқ жасайтын зауыттарға жіберілді. Қарағанды шахтерлары, Ембі мұнайшылары соғысқа байланысты тапсырмаларды орындауға кірісті. Олар Отан қорғау қорына мыңдаған қажетті әскери техникаларды азық – түліктерді өндіріс шикі заттарын тоқтаусыз майданға қажетті әскери техникаларды тоқтаусыз майданға жіберуге аянбай еңбек етті. Соғыста жауға қарсы атылған әрбір он оқтың тоғызы Қазақстан қорғасынынан жасалды. Республика тасымалы үздіксіз жұмыс істеп, Қазақстан тылын майдан мен және елдің өнеркәсіпті аудандарымен байланыстырып жиырма мыңнан астам жүрдек поезд жөнелтілді. Тылда командалық кадрларды даярлау жоғары қарқынмен жүргізілді. Негізінен жау уақытша басып алған аудандар мен майдан маңындағы жерлерден көшіріліп әкелінген жиырма жеті әскери оқу орындары соғыс жылдарында он алты мың офицерлерді дайындап шығарды.

Ауыл шаруашылығында үлкен өзгерістер болды. Егіс шаруашылығында еңбек майталмандары жоспардан тым майданға мыңдаған тонна астық, ет, май басқа да ауыл шаруашылық өнімдерін жөнелтті, тылдағылар соғыс жылдарында уақыт пен де, қиыншылықпен де есептеспеді. Олардың барлық күш – жігері тек қана бір ғана мақсатқа – зұлым жауды талқандауға бағытталды. Маман жұмысшылардың майданға кетуіне байланысты олардың орнына әйелдерден жастардан мамандар дайындалды. Соғыстың алғашқы жылында ақ Қазақстан еңбекшілерінің отаншылдық қасиеті жоғарғы дәрежеде сипат алды. Екі үш норма орындаушылар көбейді. Алғашқы күндерден бастап, ай сайын бір екі күндік жалақыларын пенсиясын аудару, жексенбіліктер ұйымдастырылып еңбекшілердің жинақ қаржыларын қосуы, бағалы заттарын асыл бұйымдарын мемлекеттік займ облигацияларын тапсыру тәрізді жеңіс қоры пайда болды.

Қазақстан еңбекшілері соғыстағы жауынгерлерге екі миллионнан астам дана жылы киім, бір мың алты жүз вагон сыйлықтар жөнелту ісінде жоғары белсенділік көрсетті. Қазақстанның ауыл жастары Қазақстан комсомолы сүңгуір қайығын жасауға бастама көтерді. Бастама қолдау тауып, қозғалысқа оқушылар да қосылды. Сүйтіп Қазақстан пионері торпедалы катерін жасауға Қазақстан комсомолы истребительдер эскадрильясын жасақтау үшін Республика жастары жинаған үш миллион (сомнан) астам қаржы түсті. Соғыс жылдарында Қазақстан жинаған қаржыға сондай-ақ Павловқа, Н. Добровольскийге, Р.Бекетовке есімдері жазылған ұшақтар сүңгуір қайықтар бірнеше танк колонналары мен эскадрильялар жасалды. Қазақстан жастары жауынгер жерлесі Луганскийге жаңа ұшақ жасап беруге шақырды. Үш күннің ішінде төр жүз мың (сомнан)аса ақша жинап жастар делегациясы жаңа истребительді табыс етті.

Бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік жастар одағы, орталық комитетінің тапсырмасы бойынша Қазақстан комсомолы гвардиялық миномет бөлімдеріне, партизан отрядтарына мергендер мектептері мен курсанттарына әуе десанты бөлімдеріне Қызыл Тулы Балтық теңізі флотына арнап жастарды әскерге шақыру жұмыстары жүргізіліп, қырық екі мыңнан астам Қазақстандықтар әскери училищелерге жіберілді. Қазақстанда өз отанын қорғауға жастарды жаппай шақыру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілді. Қатал соғыс жағдайында жұмысша табының патриоттары Бізден еліміз қанша уақыт жұмыс істеуді талап етсе, сонша уақыт жұмыс істейміз деп ұран көтерді. Қазақстандықтар бақайшағына дейін қаруланған Германия әскерлерімен текетіресте өздерінің даңқты бабаларының ерлік дәстүрлерімен аянбай шайқасты. Намысты қолдан бермеген жаужүрек аталарымыз бен әкелеріміз Мәскеу, Ленинград және Сталинград қорғаныстары үшін айқастарда ерен ерліктің өшпес өнегесін танытты. Курск доғасы мен Днепрден өту үшін ұрыстарды ерекше көзге түсті.

Осы тұста көрнекті орыс жазушысы И.Эренбургтың өзінің 1941 жылғы қазан айында Правда газетінде жарияланған Қазақстар деген мақаласында Мәскеуді қорғаған 8-ші гвардиялық дивизия құрамында соғысқан қандастарымыз туралы керемет ойлары еріксіз еске оралды. Бір Фриц маған Біз жойқын күші бар қаһарман солдаттармен беттестік, оларды алған бетінен тіпті ешқандай да оқ та, өрт те тоқтата алмады. Олар тура бізге қарай дауылдай дүркіреп жүгіріп келе жаты. Мен бұлардың қазақ деген халық екенін естідім. Бұрын мен бұлардың қазақ деген халық екенін естідім. Бұрын мұндай халық бар екенін білмеп едім деді. Расында фрицтер көп нәрсені білмеуші еді. Оларға Ресейден кең-байтақ екенін ғана айтып, ал ол елді көптеген халықтардың мекен ететінін жеткізбеген екен. Шығыстың кең даласында ежелден қыстың қақаған аязы мен жаздың аптап ыстығына көндіккен ержүрек тұрады. Оларды қазақтар дейді. Осы батыр елдің айбынды ақындары өздерінің даңқты ерлерін таңды таңға ұрып жырлайды. Себебі бұл елдің сарбаздары Жаным – арымның садағасы деп біліп, ең алдымен намысын жатқа бермеген,- деп жазды. Ал ағылшын тарихшысы Александр Врт Ресей1941-1945 жылдарындағы соғыста деген кітабында Қызыл Армияның табанды солдаттарының бірі қазақтар болды, соғыс бойында өздерін өте жақсы жақтарынан таныта білді, тіпті Сталинградтың өзінде ең өжет солдаттар қатарында қазақтар тұрды деп ашып айтты. Жау тылындағы партизандық қозғалыс адамдардың жаңа тарихи қауымдастық ретінде совет халқы бірлігінің жарқын көрінісі болды.

Ол партияның басшылығы мен соғыстың алғашқы күндерінде басталып, анти фашистік коалициядағы біздің батыстық отандастарымызға қарағанда өзіне ұзақ уақыт жаудың көптеген бөлімдері мен құрамаларының назарын аудартқан стратегиялық маңызы бар айбынды да ұйымдасқан күшке айналды. Халық кегін алушылар қозғалысының ерекше сипаттарының бірі – оның интернационалдық құрамы болды. Ұлы жеңіске жау тылында ел кегін, ер намысын қорғаған партизан жасақтары да үлкен үлес қосты. Сол жылдары Белоруссия мен Украина ормандарындағы отрядтарында үш мыңнан астам қазақтар шайқасты. Екінші дүниежүзілік соғыста шығыс халықтары арасында Кеңес Одағының Батыр атағы алған екі қыз болса, оның екеуі де қазақтардан шықты. Халқымыздың тағы бір батыр қызы – ұшқыш Хиуаз Доспанова Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атанып отыр.

1944 жылы 2 қазанда Польша жерінде ерлікпен қаза тапқан жиырма жасар қазақ қызы лейтенат батальон комсоргі Алтыншаш Өскенбайқызы Нұрғожинованың да Кеңестер Одағының Батыры атағына ұсынылғаны баян етілген. Неміс – фашист басқыншыларымен соғыс кезінде Қазақстан жерінде он екі атқыштар дивизиясы, төрт ұлттық аты әскер дивизиясы, жеті атқыштар бригадасы және елуге жуық әр түрлі полктер, батальондар құрылып майданға аттанды. Жаумен жан аямай шайқасқан Қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына бірнеше ордендер қадады. Жанқиярлық ерлігі мен батырлығы үшін тоқсан алты мың алты жүз отыз сегіз қазақстандық жауынгер бірнеше дүркіннен ордендермен және медальдармен наградталды. Соның ішінде төрт жүз тоқсан жеті жерлесіміз Кеңес Одағының батыры атағын алды. Олардың тоқсан жетісі қазақ, сол сияқты бір жүз қырық екі жауынгер Даңқ Орденінің толық иегері атанды. Ұлы Отан соғысына барлығы отыз бес миллионнан астам адам қатысса, ондағы Орта Азия Республикаларының үлес салмағы үш миллионға жуық адам болды.

Сол саптан бір миллион үш жүз алпыс алты мың қазақстандық орын алды. Бұлардың бар жоғы алты жүз мыңнан астамы ғана майдан даласынан елге аман оралды. Республиканың тыл еңбеккерлері де жаһандық қырғынның жеңіспен аяқталуына зор үлес қосты. Қанды қасап жылдары қазақ даласы майданға жіберілген барлық қорғасынның- 85, мыстың -30, көмір мен мұнайдың - 100 пайызын өндірді. Соғыстың төрт жылы ішінде біздің жұртымыз майданға алты миллион тонна бидай, жеті жүз тоқсан жеті мың тонна ет, 217,6 мың картоп 143,2 мың тонна көкөніс 1193,2 мыңдай тонна қант қызылшасын, 155,3 мың тонна мақта, 2 миллион тонна дана жылы киім және 150 мың бас мініс жылқысын жөнелтті. Бұдан бөлек республикамыз төрт миллиард сом ақша жинап қару жарақтар сатып алуға жәрдем жасады. 1944 жылдың басынан бастап Қазақстаннан барған жауынгерлер Балтық бойындағы республикаларды азат етуге шабуылдарын бастады. Ал алтыншы гвардиялық армия Беларусь жерін азат етуге белсене қатысты.

Оны басқарушы генерал полковник И.М.Чистяков Қазақстан үкіметіне былай деп хат жазды: Қазақ халқы қамқорлыққа алып отырған армияның әскерлері осы жылы Беларусь және Балтық бойындағы елдерді азат ету жөніндегі ұрыстарды бірінші болып бастады. Біздің гвардиялық туларымыздың астынан Кеңес Одағының барлық халықтарының ұлдарын көруге болады, ал жауынгерлік саптың бірінші қатарындағылардың бірі күн нұрына бөленген Қазақстанның батыр ұлдары Осы хатта батыс дивизияны кесіп өтуге ер жүректік көрсеткен Кеңес Одағының батыры Ізғұтты Айтықовтың есімі ерекше аталды. Сөйтіп қазақ жауынгерлері орыс, украин, өзбек, беларусь т.б халықтары жауынгерлерімен бір сапта күресе отырып, еліміздің батысындағы республикаларды азат етуге лайықты үлес қосты. Комсомольская правда газетіндегі Бес күн деген мақаласында былай деп жазды: Өзенді кешіп өткеннен кейін қазақтар тізелерін бүгіп, украин жеріне еріндерін тигізді, оны туған анасындай сүйді. Бұл перзенттік сүю - шын мәніндегі мызғымас бірліктің, совет адамдарының ұлы семьясының тамаша символы еді . Ұлы отан соғысында Еуропа елдерін фашист басқыншыларынан азат ету шайқастарында қаншама қазақстандықтар Жеңіс күніне жете алмай, қыршын кетті.

Айтатын болсақ Прага қаласындағы бір ғана туысқандар зиратында 435 Кеңес жауынгері жатыр. Солардың ішінде қазақстандық Кеңес одағының батыры Мәжит Жүнісов және бір топ қазақстандықтар бар. Сол халықтардың азаттығы үшін олардың көрсеткен ерліктерін біз ғана емес бүкіл бүкіл еуропа халқы мәңгі есте сақтайды. Ақырғы шайқас 1945 жылы сәуір айының аяғында Германияның астанасы Берлиндегі Рейхстагты төбесіне ту тіккен ер жүрек жауынгерлер Егоров пен Кантария болатын. Олар Рейхстагың төбесіне жеткенше оның төменгі қабырғаларында қызыл жалаулар желбіреді. Осындай алғаш ту тіккен он үш кеңес жауынгерлерінің бірі қазақстандық Рақымжан Қошқарбаев еді.

1945 жылы мамырдың 9-да 1418 күн мен 1418 түнге созылған екінші дүние жүзілік соғыс кеңес елінің жеңісімен аяқталды. Бұл нағыз Ұлы жеңіс. Сондықтан 9 мамыр күнін жыл сайын ерекше атап, мейрамдап келеді. Бұл күн Қазақстан республикасында да белгілі мереке күндердің бірі, өйткені қазақстандықтар бұл жеңіске сүбелі үлес қосты. Майданды керек – жарақпен қамтамасыз етуде Қазақстан ерекше орын алды. Сондықтан да оны елдің соғыс жылдарындағы Шығыстағы мықты тірегі - деп атады. Сол жылдардағы Кеңес еліндегі ең беделді, ең оқырманы көп газет Правда өзінің 1945 жылғы 27 шілде бас мақаласында: Ұлы Отан соғысында Қазақстан аса зор рөл атқарды, оның Отан алдындағы еңбегін тарих еш уақытта ұмытпайды деп жазды. Қаншама жылдар зымырап өткенмен, сол сұрапыл күндердің ерлік даңқы өшпек емес. Ер де, ерлік те ұмытылмайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:
Совет одағының Ұлы Отан соғысы. 1941-1945 Алматы 1972 жыл
Қазақтар Ленинград майданында (Бисен Жұмағалиев)
Отанымыздың тарихы туралы әңгімелер (С.П. Алексеев)
Қаһармандар (С.П. Алексеев)
Қазақ ССР тарихы (М.Қозыбаев)
Сыр бойы газеті 2010 жыл № 28


Скачать


zharar.kz