Ата - аналар жиналысы

Скачать

Тақырыбы: Денсаулық – зор байлық . Ата - аналар жиналысы.
Мақсаты: Ата - аналарға салауатты өмір салтын қалыптастыруға, күнделікті денсаулығын шынықтыра білуге, тамақтану тәртібін дұрыс ұйымдастыра білуге, балаларының денсаулықтарын сақтай білуге жағдай жасау.

Тәрбиеші: Енді бәріміз ортаға шаттық шеңберін құрайық. Әр ата – ана өздерін таныстыра отырып бір - бірлеріңізге жылы, жақсы сөздер айтыңыздар.
Баяндама: Дені саудың - жаны сау
Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еліміздің халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық - әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Менің мамандығым дәрігер болғандықтан, Жолдаудағы "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқаты" бағдарламасы айрықша әсер етті. Шынында да, қазақ "Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі" деп бекер айтпаса керек. Денсаулықтың қадірін, әдетте, адам ауырғанда ғана біледі. Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне де байланысты. Дегенмен оған қоршаған ортаның, жұтқан ауаның, ішкен - жеген тамақтың, судың құрамының лас болуы да айтарлықтай ықпал етеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінетін болсақ, адам денсаулығының 40 проценті экологияға, 40 проценті өзінің өмір сүру дағдысына байланысты болса, 18 - 20 проценті ғана дәрігерлік - медициналық көмекке тәуелді екен. "Денсаулық - зор байлық" дейді дана халқымыз. Тек ойлап қарасаңыз, денсаулық - адам баласына табиғат сыйлаған ең басты байлық. Сау кезімізде сол теңдесі жоқ табиғат сыйының бағасы мен қадірін білмейтініміз өкінішті - ақ! Мордва халқының: "Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін, енді қайтып толтыра алмассың есесін" деген мақалы бар екен. Сол айтылғандай, денсаулықты оп - оңай жоғалтып алуға болады, оны қайта қалпына келтіріп түзету өте қиын. Себебі адам организмінің қалыптасқан қызметі бұзылған соң, тез арада жөнделе салуы мүмкін емес.

Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз Дені саудың – жаны сау деп орынды айтқан.. Құрметті ата - аналар біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан – жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыздар?

Тәрбиеші:
Денсаулық – зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты.
Жан – адамның ішкі дүниесі, ішкі жаратылысы. Олай болса, дені саудың – жаны да сау. Ендеше әр топ денсаулық туралы ой бөлісіп, топтастырсын. Уақыт біткен кезде әр топтан бір ата - ана шығып қорғайсыздар.
(әр топтан ата - аналар өздерінің пікірлерін айтып, қорғады)
1 - ата - ана: Денсаулық ол – шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол - тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі


Скачать


zharar.kz