Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып өздігінен меңгеру

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың Батыр Баян
Мақсаты
білімділік: Мәтіннен негізгі ойды айқындау, поэмадан кейіпкерді дұрыс тауып талдауға, ақынның сөз қолданысын өздігінен түсіндіруге икемдеу, мәнерлеп, сауатты оқи білуге негіздеу, ақынның тіл шеберлігін оқушылардың талдау жұмыстары арқылы таныту.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық деңгейлерін көтеру, ойлау қабілеттерін белсенділіктерін, ой - өрістерін арттыру, тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту, мәтінді түсінуге, оны өз сөзімен мазмұнды айта білуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Ел мен жерді қорғау, адал қызмет етуге баулу, оқушылардың елжандық, ұлтшылдық сезімдерін ояту, әсемдікке қызықтыру, табиғатты, жерді, халқын сүюге, жырдағы көтерген проблеманың бүгінгі күнде маңыздылығын аша отырып мәдениетті қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып өздігінен меңгеру.
Формасы: жеке, топтық, ұжымдық.
Әдісі: баяндау, ойлау, көрнекілік, іздендіру.
Пәнаралық байланыс: тарих, теледидар, бейнелеу, география.
Көрнекіліктер: Мағжанның портреті, шығармалар жинағы, Көкшетау суреттері, сызба кесте, Қазақ және әлем әдебиеті журналы №5, 2006 жыл, 31 - 32 бет, №6, 2004 жыл, 6, 7, 8 беттер, дайындалған баяндамалар.
І Себепті этап
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
А ) амандасу, түгендеу
Ә) назарларын сабаққа аудару
Б) сыныптың дайындығын қадағалау.
ІІ Себепті этап
І – Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
- Үйге М. Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасын оқып, мазмұнын айту тапсырылған болатын.
- Ал, барлығын да оқып келген шығарсыңдар
- өз беттеріңмен ұнаған жерін жаттағандарың бар ма?
Мәнерлеп үзінді оқу.
- Жақсы рахмет

ІІ Сабақты өздігінен меңгертуге арналған жұмыстар:
- Енді сабақта дастанды қалай меңгергендеріңді тексеру үшін мынадай тапсырма түрлерін орындайық.
1 тапсырма: топтық жұмыстар жасау.
І топ Шығарманы композициялық құрылысына талдау
ІІ топ Модульге түсіру
ІІІ топ Логикалық модельдеу
2 тапсырма: Сурет бойынша жұмыс (үзіндімен дәлелдеу)
І топ Қалмақ қызы
ІІ топ Баян мен Ноян
ІІІ Батырлардың бас қосуы
3 тапсырма: Шығарма кестесі сызбасын толтыру (әр оқушы жеке)
4 тапсырма: Өлең құрылысына талдау.
әр топқа (шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас, троп түрлері)
5 тапсырма: Проблемалық сұрақ (ұжымдық талқы )
1. Баянның Ноянды өлтірудегі себебі не?
2. Баянның орнында өзің болсаң не істер едің?
6 тапсырма: Кинофильммен салыстыру ұқсастық, айырмашылықтарын таба білу


Скачать


zharar.kz