Бүгін кім кезекші. Мақал - мәтелдер

Скачать

Қазақ әдебиеті 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер. Отан, өнер - білім туралы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мақал - мәтелдер туралы түсінік бере отырып, белгілі бір тақырыпқа байланысты мақал - мәтелдер айта білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларға мақал - мәтелдер туралы түсінік беру;
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, білімін, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды қазақ халқының мақал - мәтелдері арқылы білімділікке, адалдыққа, әділдікке, еңбексүйгіштікке, туған жерін құрметтеуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, іздену, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек сызбалар, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?
Сабаққа дайындықтарың қалай?
Бүгін кім кезекші?
Бүгін нешесі?
Аптаның қай күні?
Сыныпта кім жоқ?
(Сабаққа психологиялық дайындық).

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Төрт түлік малға байланысты тақпақтарды жаттау.

ІІІ. Жаңа сабақ: Мақал - мәтелдер. Отан, өнер - білім туралы.
- Оқушылар, бүгін біз сендермен қазақ халқының ауыз әдебиетінің бір түрі - мақал - мәтелдер туралы өтеміз.
Ой қозғау
- Халық ауыз әдебиетінің қандай түрлерін білесіңдер?
- Мақал - мәтелдер туралы не білесіңдер?
Мақал - мәтелдер – фольклордың бір түрі. Халықтың өмірлік тәжірибесінен алынған ой түйіні. Мақал - мәтелдер – халық даналығының бір көрінісі. Онда аз сөзбен көп мағына береді. Мақал - мәтелдер жақсы адам болып шығудың ережесі секілді.

Дәптермен жұмыс:
Мақал мен мәтелдің ережесін дәптерге жазу.
Мақал - түйінді ойды білдіретін, ықшамды нақыл сөз.
Мәтел - халық поэзиясының айтылатын ойдың ұшағы, тұспалы ғана болатын ықшам сөз үлгісі.

1 - тапсырма. Мәтіндерді оқып, аудару. 32 бет.
Мақал - мәтелдердің көлемі қысқа болады. Олар кейде шағын өлеңдер секілді. Мақал - мәтелдер ойда тез және жеңіл сақталады.
Мақал - мәтелдердің тақырыптары әр түрлі: өнер - білім, адамгершілік, жақсы мен жаман, еңбек, достық, Отанды сүю, т. б.

2 - тапсырма. Сөздікпен жұмыс. 30 бет.
Халық даналығы - народная мудрость
Көрген - білгені - все, что увидел
Жақсы адам болу - быть хорошим человеком
Ереже - правила
Сынайды - критикует
Өнер - білім - искусство и знание
Еңбек - труд
Отанды сүю - любить Родину

3 - тапсырма. Мақал - мәтелдерді Отан, өнер - білімге байланысты топтастыр.
♦ Отан туралы
1. Отан - оттан да ыстық
2. Халықтың ортақ үйі – Отан.
3. Елін сүйген ер болар
4. Отансыз адам – Ормансыз бұлбұл
5. Елінен безген ер оңбас,
Көлінен безген қаз оңбас.

♦ Өнер - білім туралы
1. Өнерлі өрге жүзеді.
2. Өнерліге өлім жоқ.
3. Білім таппай мақтанба,
Өнер таппай баптанба.
4. Оқу - білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы,
5. Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.

Сөздік
ортақ үйі – общий дом
елін сүйген ер – герой любящий свой народ
елінен безген – отрекший от народа
өнер - білім – искусство и знание
білекті – сильный
жығады – победит на павал

ІV. Бекіту: Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға үлестірме карталар үлестіру.

V. Қорытынды: Бүгінгі сабақта не өттік, не білдік оқушылардан сұрау.
Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға сұрақтар қою.

- Мақал - мәтелдер дегеніміз не?
- Мақал - мәтелдер нені сынайды?
- Мақал - мәтелдердің тақырыптары қандай?
- Мақал - мәтелдер адамды неге тәрбиелейді?
Рефлексия:
Оқушының сабақ туралы әсері, ой пікірі

VІ. Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысқаны, берген жауаптары бойынша бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма беру:
Отан, өнер - білімге байланысты мақал - мәтелдер жаттап келу.

Димитров атындағы №1 орта мектебі КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:
Айтбаева Гульмира Сабитбековна


Скачать


zharar.kz