Мысалдардан қандай ғибрат алатынымызды көрсету

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа

Сабақтың мақсаты:
1) А. Құнанбаев пен И. В. Крылов туралы қысқаша мағлұмат беру. И. В. Крыловтың Абаймен аударылған мысалдарды еске түсіру. Мысалдардан қандай ғибрат алатынымызды көрсету. Шегіртке мен құмырсқа мысалының тәрбиелік мәнін, мазмұнын ашу. Мәнерлеп оқуға жаттықтыру. Мысалдағы жәндіктердің мінез - құлықтары арқылы адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді танып, баға беруді үйрену.
2) Сабақта түрлі әдіс - тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, АКТ арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту, өлеңді оқуға машықтандыру, сөздік қорын молайту.
3) Еңбекқорлыққа баулу, жалқаулықтан, еріншектіктен аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау, Пирамида әдісі, Картография тірек сызбасы, Венн диаграммасы, сатылай кешенді талдау технологиясы.
Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті
Сабақтың көрнекілігі: А. Құнанбаев, И. Крылов суреттері, флипчарт, интерактивті тақта, қағазда бастырылған өлеңнің мәтіні (екі тілде), ақындар туралы мәліметтер, карточкалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Қайырлы күн, қонақтар
Қайырлы күн, достым,
Ашық аспан болсын!
Бейсенбінің күні, сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
(Оқушылар хормен айтады)

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасы тексеру.
(Оқушыларға А. Құнанбаев, И. Крыловтың өмірбаянын оқып келу берілген)
Мұғалім үй тапсырмасын тексеру үшін екі әдісті қолданады. Бірінші әдісі Картография , екіншісі – Пирамида тірек - сызбаны толықтыру. Оқушыларға мәтіндер таратылады. Олар керек мәліметті теріп алып сызбаларды толықтырады, шығып қорғайды. Сызбалар А - 3 форматта сызып беріледі.
• 1 топ А. Құнанбаев туралы Картографияны жасайды.
• 2 топ И. Крылов туралы Пирамида тірек - сызбаны толықтырады.
(Слайдта көрсетілген(презентация))

ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім:
- Сонымен, енді айтыңдаршы екі ақынды әдебиеттің қандай жанры байланыстырады.
- Дұрыс, мысал жанры.
Өлең мазмұнымен таныспас бұрын менің сендерге қоятын бірнеше сұрақтарым бар.
І топ: Мысал туралы не білесіңдер?
ІІ топ: Абайдың Крыловтан аударған қандай мысалдарды білесіңдер?

Шегіртке мен құмырсқа. жүктеу


Скачать


zharar.kz