Іштей бағалау - оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау

Скачать

Оқу үшін бағалаудағы кері байланыстың тиімділігі
Білім беру үдерісіндегі оқыту үшін және оқуды бағалау модулін ендірудің тиімділігі қазіргі қоғамда болып жатқан елеулі өзгерістер мектеп жайында білім берудің қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарға сын көзбен саралай отырып бағалауды, оқушылардың іздену қабілетін дамытуды талап етеді.

Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отыруы қажет. Әлемге әйгілі Кембридж университетінің білім беру факультетінің жасаған жеті модуль бойынша сабақ өту әдісі бірден – бір нәтижелі бағдарлама екенін сабақтарыңызда қолдану арқылы және оқушыларды оқуға ынталандыру үшін бағалау мен оқуды бағалау модулінің оң нәтижелерін аңғаруға болады.

Қазіргі таңда оқушылардың көпшілігі, мектепте алған білімдерін өмірде пайдалана алмайды. Сондықтан, оқушылардың бойына функционалдық сауаттылықты сіңіре білуіміз қажет. Функционалдық сауаттылығы дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету. Функционалдық сауаттылықтың бір міндеті сырттай бағалау және іштей бағалау болып табылады. Іштей бағалау - оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау. Ал сырттай бағалау - әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері.

Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек.


Скачать


zharar.kz