Табиғат - пана

Скачать

Дүниетану пәнінен тест жұмыстары 3 - сыныпқа арналған

1 - жұмыс. Орындаған: __________________________________
Мерзімі:__________

1. Адамға, жануарларға және өсімдіктерге – бәріне қажетті жағдайлар?
а) баспана, жылу, азық, су;
ә) ауа, су, қорек, жылу, жарық;
б) ауа, топырақ, жарық, күн.

2. Адам өзіне қажет заттарды қайдан алады?
а) жерден ә) ауадан б) табиғаттан

3. Адамды қалай айтуға болады?
а) табиғаттың тірі денесі;
ә) табиғаттың перзенті;
б) табиғаттың жаратылысы.

4. Мақал - мәтелді толықтыратын сөзді тап:
Ақыл азбайды,.................... тозбайды.
а) білім ә) оқу б) кітап

5. Адам кеме жасауды неден үйренді?
а) құстан ә) балықтан б) инеліктен

6. Адамдар табиғатты қалай атайды?
а) Табиғат - пана ә) Табиғат - ана б) Жер - ана

7. Табиғатты аялап, қорғау – әр адамның......................
а) жұмысы ә) борышы б) қызметі


2 - жұмыс. Орындаған: _______________________________
Мерзімі:___________
1. Адамның денесі неше бөліктен құралады?
а) 3 ә) 4 б 5

2. Адамның дене бөліктерінің атауы:
а) бас, көз, құлақ, аяқ, қол;
ә) бас, ауыз, ішек, аяқ, қол;
б) бас, мойын, көкірек, құрсақ.

3. Адамның ойлауына, басқа мүшелерінің жұмыс істеуіне қатысатын қай ішкі мүше?
а) өкпе ә) жүрек б) ми

4. Ми дененің қай бөлігінде орналасқан?
а) көкіректе ә) баста б) мойында

5. Адамның ішкі дене мүшелерінің атауын жазып көрсет:

Дүниетану пәнінен тест жұмысы 3 - сыныпқа арналған. жүктеу


Скачать


zharar.kz