Үш жасар балалардың дамуыБалалардың өмірін ұйымдастыру

Скачать

Тақырыбы: Үш жасар балалардың дамуы
Балалардың өмірін ұйымдастыру. Күн тәртібі
Үш жасар баланың ояу жүру уақыты ұзарады. Олар 6 - 6, 5 сағат ояу жүре алады. Күндіз балалар 1 рет 2 - 2, 5 сағат ұйықтайды. Үш жасар балалармен таңертеңгілік жаттығулар өткізіледі. Тамақтау, киіну, жуыну біртіндеп орындау принциптерімен орындалады.

Дене дамуы
Үш жасар балалардың бойы 93 - 94см, салмағы 14 - 14, 5 кг болады. Орталық жүйке жүйесінің қызметі жетіледі. Бұл балалардың жұмысқа қабілеттілігімен байқалады. Балалар іс - әрекеттің бір түрімен 20 минутқа дейін шұғылдана алады. Балалардың қимыл – қозғалысы белсенді жетіле түседі. Жүгіру, өрмелеу, лақтыру сияқты қимылдары дамиды.

Сөйлеу және ойлау
Үш жаста тілдің мағыналық мазмұны одан әрі кеңейе түседі. Олар үлкендердің сөзін жақсы түсінеді. Бірақ айналадағы үлкендердің айтқанын түсіну жеткіліксіз. Сондықтан да балаларды сырт көрінісіне қарап ажыратуға үйрету керек. Бұл кім? Мынау не? Не үшін? Деген сұрақтарға толық жауап беруді қалыптастыру керек.

Белсенді сөз
Үш жасар балалардың белсенді сөздік қоры 1200 - 1500 болады. Олардың сөздерінде етістіктер, зат есімдер көп қолданылады. Септік жалғаулар пайда болады. Сәбилер шағын өлеңдер мен әндерді тез жаттап алады. Сөйлеудің дамуымен қатар балалардың психикалық процестері: қабылдау, зейін, ес, қиялы жетіле түседі.

Оқу сағаттары
Балалар бақшасының 1 - сәбилер тобында аптасына 10 сабақ өткізіледі. Олар былай бөлінеді:
- айналамен таныстыру, тіл дамыту – 3 сағат
- сурет салу және жапсыру – 2 сағат
- құрылыс материалдарымен – 1 сағат
- музыка сабақтары – 2 сағат
- дене тәрбиесі – 2 сағат
Оқу сағаттарының ұзақтығы – 10 - 15 минут. Оқу сағаттарымен қатар айналасындағыларды серуен кезінде бақылау, қимылды және дидактикалық ойындар жоспарланады.


Скачать


zharar.kz