Журналист болу көптеген қажыр - қайрат пен терең білім иесі болу

Скачать

Арманымның бейнесі
Журналист - қоғамға ең керекті мамандықтардың бірі. Ел жағдайын, ауыл тынысын, қала мәселелерін айдай әлемге айқындайтын ол - журналист. Журналист – нағыз білімді, рухани бай, сөзін өзіндік ой өрнегімен астастыра білетін адам болуы қажет. Шындық жырын жырлайтын - шыншыл, кез келген мәселені шешетін - тапқыр, бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ дейтін - өжет, ертеңіне де бүгініне де сенетін - сенімді, істің түбіне жетпей қоймайтын - қайсар болу журналистің басты қасиеттері. Мен сондықтан да журналист болғым келеді!
Журналист болу көптеген қажыр – қайрат пен терең білім иесі болу. Полицейге қандай қырағылық керек болса, журналистке де дәл сондай қырағылық керек. Себебі, жазатын мақалаңды, қозғайтын мәселені жіті қадағалап, асқан қырағылықпен ел сезе бермейтін жәйттері білу, журналисттің міндеті.

Елімізде өзінің журналистика саласында қолтаңбасын қалдырған жандар жетерлік. Менің ойымша өзіңе, өзіндік бағытыңды айқындап алуға, жолбасшы керек. Гүлнәз Әлімгерей, Маржан Сұлтанбаева, Мақсат Толықбай мен осылар сияқты өз ісінің шеберлері болуды қалаймын.
Мен нағыз журналист болғым келеді. Нағыз журналист деген қандай болуы керек? Меніңше, нағыз журналист жағдайды бетінен емес, ішінен іздей білетін, мәселені майдаламай, турасынан шешетін, сұрақты төтесінен қоятын, өзіне сенімді, жігері мықты, тәуекелшіл жан. Міне, мен осындай болғым келеді.

Әркім өз арманына жету үшін бәрін жасайды. Әр арманның өзінің алтын көпірі болады. Мен өз арманымның көпірін – ҚазҰУ университеті деп білемін. Осы оқу орнында білім алғым келеді. Журналистиканың майын ішіп, жілігін шаққан нағыз шеберлер осы жерден білім алған. Бұл университет еліміздегі терең білім мен нәтижелі жұмыстардың ордасы, журналистиканы ең үздік оқытатын оқу орны. Бірде бір ойшылдан сіз қандай ұстазсыз деп сұрақ қойыпты. Сонда ұстаз сен менің шәкірттерімді көр деген екен. Сол сияқты осы университеттің шәкірттері еліміздің ең үздік мамандары, өз ісінің шеберлері. Арман өзіңе сенімді болғанда туады. Мен де өз арманыма сенемін. ҚазҰУ – менің арманымның бейнесі!


Скачать


zharar.kz