Бауырсақ ертегісін үзінділеу

Скачать

Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Бауырсақ жол бойымен домалап келеді
Мақсаты: Балаларды ертегілерден қарапайым сюжетті бейнелеуге тарту. Алақан арасына салып домалақтау тәсілін үйрету. Пішінді бұзбай, таза, ұқыпты орындауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: тақтайша, ермексаз, сүрткіш, үлгі мүсін, бауырсақ ертегісінің макеті.
Әдіс - тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Іс - әрекет этаптары
Мотивациялық - қозғаушы

Тәрбиешінің іс - әрекеті --------------------------------- Балалардың іс - әрекеті
Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де,
Қуанасын сен де,
Қуанайық достарым,
Жарқыраған күнге!
- Балалар таңертең балабақшаға келе жатқанда
даладан не көрдіңдер?------------------------------------------- Қар
- Қар қандай?--------------------------------------------------------- Қар аппақ
- Ал, мұз неліктен қатып жатыр?
- Өйткені күн суық, қыс мезгілі.

Ұйымдастырушылық - іздестіру
- Балалар, бүгінгі біздің мүсіндеу оқу іс - әрекетіміз ерекше болмақ.
Себебі біз бауырсақты мүсіндейміз.
- Ал, сендер Бауырсақ ертегісін білесіңдер ме?
Бауырсақ ертегісін үзінділеу.
- Бауырсақты соңында түлкі жеп қойды.
Ал, әже мен ата бауырсақты іздейтін болды ғой.
Ендеше біз бәріміз бауырсақты жасап берейік.
- Ол үшін бізге не қажет?--------------------------------------------------- Қамыр
- Дұрыс айтасыңдар, қамыр қажет.
Осы кезде, есік қағылып, аспазшы апай келеді.
- Сәлеметсіңдер ме балалар!---------------------------------------------- Сәлеметсіз бе
- Мен сендердің бауырсақ жасайтындарыңды естіп, сендерге қамыр дайындап әкелдім.
Балаларға қамырды қалай дайындағанын айтып, таратып береді.
Аспазшы: Қаптың түбін қырнадым
Екі уыс ұн жинадым,
Балқаймаққа шыладым
Пісірсін деп бауырсақ
Мен қамыр дайындадым.
- Балалар, сендер бауырсақты жақсылап жасаңдар.
Балаларға бауырсақтың жасалу жолдары көрсету.
- Бауырсақтың пішіні қандай?-------------------------------------- Домалақ
- Түсі қандай?------------------------------------------------------------ Сары
- Балалар, қолымызды жаттықтырып бауырсақты ауада жасап көрейік.
Бауырсақты жасау үшін қамырды алақанға салып,
арлы - берлі есіп домалақтаймыз, яғни алақанға салып
айналдыра отырып домалақ пішінге келтіреміз.
Сергіту сәті: Біз гүлдерше өсеміз -------------------------- Қолды жоғары көтереді тербеледі
Жапырағы жайқалған,
Сабақтары салалы
Желмен бірге ырғалған.
Балалармен жұмыс.-------------------------------------------- Қолдарын жандарына жібереді
Жеке баламен жұмыс.
- Қанекей балалар, бәріміз бауырсақты жасап болдық па?
Ендеше, бауырсағымызды алып Бауырсақ ертегісін сюжетті бейнелеп көрейік.
Әр бала жаcаған бауырсағын алып, ертегіні сюжетті бейнелейді.

Рефлексивті кезең
Балалардың жасаған жұмыстарын бағалау, мадақтау.
- Балалар, бүгін біз не жасадық?
- Жарайсыңдар, бәріңде оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңдар.
- Қанекей, енді бір - біріміздің қолымыздан ұстап үлкен шеңбер жасайық.
Қараңдаршы, үлкен шеңбер жасадық. Ол біздің бауырсағымызға ұқсайды екен, енді бауырсақтың әнін айтайықшы:
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Енді қонақтарымызға сау болыңыз айтамыз. Ал, үйде ата - аналарымызға бүгінгі мүсіндеу оқу іс - әрекетінде бауырсағымызды көрсетеміз.

Күтілетін нәтиже:
Меңгереді: Ертегілерден қарапайым сюжетті бейнелеуді меңгереді.
Игереді: Алақан арасына салып домалақтау тәсілін игереді.

Күтілетін нәтиже:
Меңгереді: Ертегілерден қарапайым сюжетті бейнелеуді меңгереді.
Игереді: Алақан арасына салып домалақтау тәсілін игереді.


Скачать


zharar.kz