Суретшілер шығармаларын талдау

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның көрнекті суретшілері
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның көрнекті суретшілері мен олардың шығармаларымен таныстыру.
тәрбиелілігі: Өнер тілін меңгертуге көмектесу, суретшілер өнеріне сүйіспеншілігін ояту және мәдениетке құрметпен қарау сезімін тәрбиелеу.
дамытушылығы: Ұлттық өнерді терең танып білуге, талғамдарын кеңейту, ізденістік ойлау түрін қалыптастыру, рухани әлемін байыту.
Көрнекілігі: Суретшілер фотолары мен шығармалары.
Түрі: Аукцион сабақ.
Типі: Жаңа білімді игеру.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау жасау, салыстыру.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, музыка, тарих.
Жаңа технологияны қолдану: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Керекті құрал - жабдықтар: сурет дәптері, акварель, қылқалам, палитра т. б.

Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а\ оқушыларды түгендеу.
ә\ сабаққа дайындықтарын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Суретшілер шығармаларын талдау.\ түсінік беру, сурет салу\
И. Айвазовскийдің Тоғызыншы толқын шығармасы.
Ә. Ысмайловтың Жуалы атырабында шығармасы.
Қ. Телжановтың Көкпар шығармаларын талдау.

2, 1. Сабақты пысықтау, бекіту.\ сұрақ - жауап \
1. Кескіндеме өнерінің түрлерін ата?
2. Кескіндеме өнерінің жанрларын ата?
3. Петроглифтер дегеніміз не?
4. Фон және колорит дегеніміз не?

3. Жаңа сабақ.
Қазақстанның көрнекті суретшілері
Жоспар:
а\ қазақстанның көрнекті суретшілері
ә\ Ә. Қастеевтің өмірі мен шығармалары
б\ А. Ғалымбаеваның өмірі мен шығармалары
в\ Қ. Телжановтың өмірі мен шығармалары

Ә. Қастеевтің өмірі мен шығармалары
Ол 1924 жылы Жаркент қаласының жанындағы ауылда шаруа отбасында дүниеге келді. Ә. Қастеев әкесінен жастай қалып, іні қарындастарын өсіруге апасына көмек көрсетті. Ә. Қастеевтің апасы бау, басқұр тоқитын шебер адам болған. Қастеевтің суретші болуына және халықтың сәндік қол өнеріне қызығуына өзінің туған апасының ықпалы зор болды. Ә, Қастеевтің таланты Қазан революциясынан кейін бағаланып, ол Алматы қаласына суретші Н. Т. Хлудовтың шеберханасына оқуға жіберілді.

Шығармалары;
Топтық портрет , Көгілдір киім киген қыз , Тігінші , Тоқымашы , Қарындас портреті , Автопортрет Тау пейзажы , Медеу келбеті , Бие сауу , Құдықтың басындағы бай мен жарлы , Қалың малға сатылған қыз , Шөп шабу , Колхоздың сүт фермасы , Колхоз тойы , Колхоз қырманы . т. б

Айша Ғалымбаеваның өмірі мен шығармалары.
Айша Ғалымбаева 1917 жылы 19 желтоқсанда дүниеге келген. Ол 1943 жылы Алматы көркемсурет училищесін, онан соң 1949 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік киноматография институтының көркемдік - сәндік бөлімін бітірді.


Скачать


zharar.kz