Күн бол

Скачать

Қызылорда қаласы,
№112 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Балғабаева Перизат Мұратқызы

Зат есім
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға зат есім туралы түсінік беру, проблемалық әдіс арқылы зат есімнің өзіндік ерекшеліктерін таныту. Дамытушылық: Зат есім ерекшеліктерін меңгерте отырып, өзіндік жұмыс істеу және шығармашыл ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеп, сөйлеу мәдениетін меңгерту.
Типі: Жаңа білімді қалыптастыру.
Жұмыс түрлері: Топтық, жұптық
Түрі: Аралас сабақ
Көрнекілік құралдар: Слайдтар, тірек сызбалар.
Әдіс - тәсілдері: СТО стратегиялары
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. 2. Топтастыру.
От бол!- дедің, от болыпжанбадым ба?
Су бол!- дедің, су болып ақпадым ба?
Күн бол!- дедің, мен Күндей күлмедім бе?
Ай бол!- дедің, ай болып жүзбедім бе?- деп Мағжан ақын жүрегімен сырласқандай, осы атауларды таңдауларыңа қарай топқа бөлінесіңдер, ендеше осы топтарыңның атына сайотты таңдағандар - алдағы сабақ барысында от болып жанып, білімдеріңді көрсетіңдер. Су таңдағандар - судай мөлдір тазалықта болып, сабақта білімдеріңмен шыңдалыңдар. Күн таңдағандар - күндей жылу шашып, білген, үйренгендеріңді достарыңа үйретіңдер. Ай болғандар - айдай жүзіп, барлығымызға жарық сыйлаңдар
Слайдпен жұмыс
- Балалар мына гүл күлтешелеріндегі сөздерді оқып сұрақ қойыңдар.
НАН, ҚҰС, АДАМ, ӨСІМДІК, ЖАҢБЫР, АРАЛ
Айналадағы дүниеге табиғаттағы заттар, табиғи құбылыстар, адам қолымен жасалған (дүниелер жататынын дүниетану сабағынан білеміз). Олай болса гүл күлтешелеріндегі сөздерді басты белгілеріне қарай жинақтайық.
Слайд нан - тағам, жаңбыр - құбылыс атауы, құс, өсімдік, адам - зат атауы
Балға - тұрмыста қолданатын зат атауы, табиғатқа қатысты атау жер - су атаулары. т. б.- деп топтауға болады. Осы жазғандарыңа қарай отырып, біз қай сөз табы туралы айтқалы отырмыз?
- ЗАТ ЕСІМ
-- Жарайсыңдар
-- Зат есім ережесін шығару
ЗАТ ЕСІМ мағынасына қарай Жалқы есім, Жалпы есім
тұлғасына қарай Негізгі, Туынды

Кітаппен жұмыс
1 - тапсырма Мәтінді оқыңдар.
Шоқан Уалиханов
Шоқан Уалиханов - ұлы ғалым, ағартушы, философ, жиһанкез. Ол Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Кейін Көкшетауға көшіп барып, балалық шағы Сырымбет тауының етегінде өткен. Әкесі Шыңғыс аға сұлтан болған.
Топтық жұмыс
1) От тобы - жалпы есім
2) Су тобы - жалқы есімді
3) Күн тобы - негізгі және туынды зат есімді тауып жазыңдар
2 - тапсырма Жеке жұмыс
Мәтінді көшіріп жазып, зат есімдердің астын сыз.
Құндыз - ғажап қызық аң. Ол жуан ағаштарды жығады. Өздеріне керемет үйшік жасайды. Құндыздың терісі өте бағалы.
3 - тапсырма. Мәтіндегі ҚҰНДЫЗ сөзін бес жолды өлеңмен өрнекте.


Скачать


zharar.kz