Салынған суреттерден көрме ұйымдастыру

Скачать

Тақырыбы: Тілегіміз — бейбіт күн. С. Оспанов.
Мақсаты: Балаларды өз Отанын сүюге, құрметтеуге, қорғауға, патриоттық сезімдерін дамыта отырып тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сұрақ - жауап әңгімелеу, түсіндіру.
Тәрбие жұмысының барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- (Балалар жауабы) Сәлеметпіз.
- Қазір бізде көркем әдебиет сабағы. Сабаққа қажетті құрал – жабдықтарды алып оқушы ережеге сай отырамыз.
Психологиялық сәт.
Күлімде, күн күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегіндей бүгін де,
Қанат қақсын көгершін.
Күлімде, күн күлімде,
Бүлдіршіндер қуансын.
Қырдың қызыл гүліндей,
Қолдарына ту алсын.
Күлімде, күн күлімде
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүтіндей,
Бейбіт болсын болашақ.
Мерекеге әзірленейік
Бірінші мамыр мерекесі жақындап қалды. Мәдениет үйінде мерекеге дайындық жүріп жатты. Әр ұлт өкілдері өз дәстүрлерін, өнерін көрсетуде. Мың бұралған бишілер, бір топ әншілер мен күйшілер де ат салысыпты. Біз де қарап қалмай өз өнерімізді көрсеттік. Көк аспанда көк туымыз желбіреп, бейбітшілік құстары ұшырылды. Қала әкімі сөз сөйлеп, құттықтау айтып, отшашу көрінісін тамашаладық. Бәріміздің тілегеніміз Татулық пен, бірлік жасасын, ешқашан елімізде жаманшылық болмасын! - деген ұрандар еді.
Сұрақ - жауап.
- Қане, балалар бір - бірімізге деген жылы лебіздерімізді білдірейік.
- Бейбітшілік құсын атап беріңдерші.
- 1 – мамыр қандай мереке?
- Әңгімеде не айтылған?
- Кімдер өнер көрсетті?
Сергіту сәті.
Ақ көгершін, көгершін,
Қол қанат күс сен едің.
Бар кезіп қайт ел үшін
Кең дүниенің көлемін.
- Бейнелеу сабағымен байланыстыра отырып, Бейбітшілік күніне арнап сурет салдыру.
Қорытындылау.
Салынған суреттерден көрме ұйымдастыру.


Скачать


zharar.kz