Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы

Скачать

ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ МЕКТЕБІ

Елбасы Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді деген болатын. Әрбір ата - ана өз перзентінің білімді әрі Отанының жігерлі азаматы болып жетілуін қалайды.

Ата - ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін отбасында балаларын тәрбиелеудің заңдылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата - ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді болуы қажет. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басында тәрбиесі және тілі. Қазақтың Баланың бас ұстазы – ата - ана , Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен - ақ баланы байсалды, ұғымпаз, білімді әрі тілалғыш етіп тәрбиелеген жөн. Айналаның ақ қорғанындай бол деген қағиданы берік ұстаған ата - бабаларымыз өз ұрпағын адам деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Ата - ана балаға тәрбие беруде ата - бабамыздың салт - санасы, әдет - ғұрпында жүргізілген үлгі - өнегенің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейіріміне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққанын көпшілікке көрсете алады. Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Ана тәрбиесі ұлылық дәнін себеді. Тәрбиелі анадан тәрбиелі бала өсіп шығады. Өз отбасында бала ата - ананың қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен ананың жақсылығы мен дәулетінің қызығын көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп - инабат, тағылымдарын алуы, оларды меңгеріп іс - жүзінде қолдануы, ынта мен ықылас, қайрат пен жігер осы нәрселерді бойларына сіңіріп өсуі керек. Отбасындағы тәрбиенің кереметі – баланы жас кезінен еңбекке баулу. Ол адам болып қалыптасудың негізі болып табылады. Отбасындағы да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде балаларды еңбек ете білуге, еңбексіз бос отыра алмауға тәрбиелеу басты нысана болып табылады. Сонда ғана отбасы мүшелері арасындағы қарым - қатынаста әдеп пен инабат, адалдық пен ақпейілділік, үстем болады. Бүгінгі таңда ата - анасы қасында болса да қадір - қасиетіне жете алмай, ұлдары маскүнемдік пен нашақорлыққа бой алдырып, қыздарымыз шылым шегіп, жеңіл жүрістерге түсуі отбасындағы тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауының айғағы.

Қазақстан Респуликасының Ата Заңында Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата - ананың табиғи құқығы, әрі парызы делінсе, Қазақстан – 2030 бағдарламасында: Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелеріне сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді. Ұрпақ тағдыры айтылды. Бала біздің болашағымыз, бала ата - ананың игі істерін жалғастырушы. Бала тәрбиесі ата - ана үшін өте күрделі де, жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата - ананың үйіндегі әрекеті балаларының көз алдында өтеді, сондықтан жақсы - жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Әр ата - ана өз баласының Отанға пайдалы, өзіне мейірімді, еңбекқор, адамгершілігі мол, білімді адам етіп тәрбиелеуге міндетті. Ұрпақтың тәжірибесі, өмірдегі беделі, ақыл - кеңестері, ата - ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы үлкен тәрбие мектебі болып табылады.

Нұржанат ӘДІЛОВА,
Қарлығаш балабақшасының тәрбиешісі


Скачать


zharar.kz