Сабақтың тақырыбы: Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы.
8 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары) Оқушыларға бұлшық еттің негізгі топтарын, бұлшық еттердің маңызын түсіндіру. Бұлшық еттердің атқаратын қызметін салыстыра отырып, үш тілде оқушылардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
Оқыту мақсаттары Барлық оқушылар:
Оқушылар бұлшықеттер мен олардың типтері туралы оқиды, олардың құрылысы танысып, маңызын білетін болады.
Оқушылардың басым бөлігі
Бұлшықеттердің маңызын, қызметін біледі.
Кейбір оқушылар
Бұлшық еттердегі ерекшеліктерді түсінеді.
Тілдік мақсат Оқушылар: Бұлшықеттердің негізгі топтары қандай екенін біледі
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Миология – Myology
Бицепс – Biceps
Трицепс – Triceps
Көкет Диафрагма - Diaphragm
Сыныптағы диалог жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Бұлшықеттердің құрылысы, типтері, маңызы.
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Бұлшықеттердің негізгі топтарына бас және мойын, тұлға және аяқ - қол бұлшықеттері жатады.
Басталуы
Білу
Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу. Сыныпта психологиялық ахуал орнату. Бір - біріне сәттілік тілеу. Қаңқа бөлімдері бойынша 4 топқа бөлу:
1 топ - бассүйек
2 топ - иық сүйектері
3 топ - қол сүйектері
4 - топ - аяқ сүйектері Топ басшысын таңдау. Топ ережелерін сақтайды. Бағалау критерийлерімен таныстыру.
Үй тапсырмасын қайталау
Үлестірме қағаздар беру арқылы үй тапсырмасын тексеру.
1 - топқа Графикалық диктант
2 - топқа Сандық лабиринт
3 - топқа Ойлан тап
4 - топқа Тест шешу
Ортасы
Түсіну
Миға шабуыл . Бұлшықеттер видеофильм. Бір оқушыны шығарып гантель көтереді. Қолдың бұлшық еттерін шынықтырады.
Яғни бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы.
Қолдану
Ой қозғау
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай?
Ойлан, жұптас, талқыла стратегиясы. Бұлшық еттер бойынша топтарға тапсырма беріледі. Оқулықпен жұмыс.
1 - топ Бұлшық еттердің маңызы
2 - топ Бұлшық еттердің құрылысы
3 - топ Бұлшық еттердің топтары. Бас және мойын бұлшық еттері.
4 - топ Тұлға және аяқ - қол бұлшық еттері.
Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы. жүктеу