Қайталағым келеді, қайталағым

Скачать

Мұқағали Мақатаев

Кезімде қадірімді сезбес мынау,
Бекер - ақ, қарғам, маған кездестің - ау
Келмеске әлдеқашан аттандырған,
Керемет күндеріммен кездестім - ау!..
Жаныма салдың менің төзбес тұмау
Қарғам - ай, қалай десем айта аламын,
Жалған - ай, қарай берсем, жай табамын.
Арман - ай, қалай келсем қайтарамын?
Қалай десем лаулайды қайта жалын?
Қайталағым келеді, қайталағым...
Көңілімнің сыбырлап көк құрағы.
Аққуы ұшқан ақ айдын көп тұнады.
Солтүстікке жылы ағыс жетті ме екен? '
Бір жылы ағыс сен жақтан бетке ұрады,
Бетім тосқым мен оған кеп тұрады.
Суынбасам, шіркін - ай, суынбасам!
Суытатын суыққа ұрынбасам.
Мұз болса да жүрегің ерітер ем,
Сәл кешірек сен менен туылмасаң,
Сәл ертерек сенен мен туылмасам...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2


Скачать


zharar.kz