Балалардың алғашқы мүшел жасына сипаттама беру

Скачать

Тақырыбы: 13 жас – алғашқы мүшел
Мақсаты:
Мүшел туралы қызықты пікірлермен балаларды таныстыру.
Мүшелде қандай сыр бар, ол қандай сөзден шыққанына түсінік беру.
Балалардың алғашқы мүшел жасына сипаттама беру. Олардың ата - аналарын сыйлауға, мейрімділікке, қайрымдылыққа, әдептілікке, сыйластыққа, достарын сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, шарлар, тақырып.
Сабақтың эпиграфы: Бала болсаң, болғандай бол,
Ағайынға қорғандай бол!
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Барысы:
Мұғалім:
Ата - анаға көз қуаныш
Алдына алған еркесі
Көкірегіне көп қуаныш
Гүлденіп ой өлкесі, деп Абай атамыз ата - ана мен перзент арасындағы байланысты тамаша жариялаған. Адамның бір қызығы бала деген! Деп қазақ халқы шыр шертіп дүниеге келгеннен бастап балаға арнап өткізетін жиын - тойы қаншама.
Қандай бала тойларын білеміз?
Бүгініміз қандай той?
Ол жайында бар ма ой?
Жігіт болды баланың
Құрбан шалып, малды сой,
Деп,- ең алдымен оқушыларымызды өткен туған күндерімен құттықтап, бүгінгі сабағымыздың эпиграфы ретінде Нұржан шешеннің мына бір ұлағатты сөзін айтуға рұқсат етіңіздер,
Бала болсаң болғанда бол,
Ағайынға қорғандай бол! Бүгінгі көрсеткелі отырған бастамасыз ата – бабамыздан қалған, бізге жеткен қызықты дерек мүшел жас туралы болмақ. Мүшелдің таралу шеңбері өте үлкен. Мүшел есебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмайды. 12 түрлі хайуанның атымен аталады. Әр жылғы бір хайуанаттың аты берілген.
Мүшел жасты анықтағанда бір ерекшелікті есте ұстаған жөн. Бала 13 жасқа толғана бір мүшел деп қайырады да, кейінгілерге 12 жылды қосып отырады. Сонда бір мүшел - 13 жас, екі мүшел – 25, үш мүшел – 37, төрт мүшел – 49, бес мүшел – 61, алты мүшел – 73, жеті мүшел – 85, сегіз мүшел – 97 деп қайырып, адам жасын оңай шығарады.
Балалар, мүшел жастардың адам жасына сай аттары болады. Бұл жыл қайыру халықтың тапқырлық есебінің бірі. Ескіше жыл қайыру әдісімен өзінің қазақша қай жылы туғанын неше мүшелге толғанын білгісі келсе, ол өзінің жылын 12-ге бөлу керек. Қалдықсыз бөлінсе - мешін, қалдық біреу болса – тауық, екеу болса – ит, үшеу болса – доңыз, төртеу болса – тышқан, бесеу болса – сиыр, алтау болса – барыс т. с. с болып кете береді.
1 - оқушы: 25 жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. Ол кезде ер жігіт бусанып, дене құрылысы өсіп, жетіліп, күші тасып тұратын кез.
2 - оқушы: 37 жас - адам өміріндегі ең басты мүшел Бұл мүшелде адам жігітшіліктен мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызыға да, қызғана да қарайтын кез.
3 - оқушы: 49 жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Бұл мүшелде кейбіреуі немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, маған кәрілік келмесе екен, әлі де болса қартаймай ойнап - күліп қалайыншы дейтін кезеңі.
4 - оқушы: 61 жас - адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, басқан ізін аңдып, жаман - жақсысын ажыратып, өзі де тәрбиеге келетін кезеңі.
5 - оқушы: 73 жас – бұл кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы, тұрса отыруы мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып, айхай, жас кезім - ай деп көкірегі қарс айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез.
Мұғалім: 85 жас – бұл мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілерімен бала құсап ұрсып, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелегіш болатын кез. Сол үшін де ел арасында күлсең кәріге күл , бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар деседі.
Мұғалім: 13 жас – жақсы мен жамандықты, ар мен намысты, дос пен жолдасты айыра білетін кезең. Қазақ халқы жас жеткіншектердің тәрбиесіне көп көңіл бөлген, олардың бойына мейрімділік, қайрымдылық, әдептілік, сыпайылық сияқты жақсы қасиеттерді сіңіре білген. Міне осындай қасиет сендердің бойларыңнан да табылса деймін.
Балалар: жыл қайыру туралы аңызды білесіңдер ме?
Қане мына мүшел жас иелерінен сұрап көрейік!
6 - оқушы:
Ертеде түркі қағандарының бірі өзінен бірнеше жыл бұрын өткен атышулы бір соғыстың тәсілін үйренбекші болады. Бірақ ол соғыс қай жылы өткенін білмей әбден шатасады. Сонда қаған өзінің қауымына былай депті. Біз тарихымызды анықтауда көп жаңылыстық, ал бұдан кейінгілер бұдан да жаман жаңылысады. Біз енді жылдарға ат қояйық. Бұл біздің кейінгілерге қалдырған ескерткішіміз болсын .
Сөйтіп Іле өзенінің екінші басына ау құрғызып, жабайы хайуандарды өзенге қарай қууға бұйрық береді.
Нөкерлер хайуандарды қаумалап үркіте бастайды. Бәрі бірдей өте алмай, он екісі ғана судан аман шыққан екен. Ең алдымен судан өткен тышқан болыпты. Осыдан жыл басы Тышқан аталыпты. Одан кейін судан сиыр, сосын барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз өтіпті. Сөйтіп әр қайсысы бір - бір жылдың атын алыпты.
7 - оқушы:
Кейбір деректерде мүшел сөзінің мүше сөзінен айтылады, сонда мүшеге ие болған хайуан деген ұғымды береді, яғни барлық хайуан емес, киелі, қасиетті хайуан ғана уақыт өлшеміне ие болған.
Кейбір деректерде мүшел сөзі қатар деген ұғымды білдірген, мүшел жылы сол адамда қатерлі жыл болады деп есептеген. Соған байланысты жаратылыстан тыс тұрған күштерге жалбарынып, құдай беріп, қан шығарып, мүшелден аман - есен шығару үшін деп сол адамның қимас киімін және матадан жыртып жарлы - жақыбайларға таратылады екен.
Мүшел жас күні мал сойып, құран оқыту да мүшел жастан аман - есен шығып, ұзақ сүру үшін. бақытты болу үшін істелетін ырым екен.
8 - оқушы:
Қазақтар жыл қайырудың адамның жасын есептеуге, не ауа - райын болжауға пайдаланып, соңғы кезде адамдардың туған жылы, күні, айына байланысты мінез - қасиеттердің қалыптастыру айтылып жүр. Бұны зерттейтін адамдар астрологтар дейміз, ол ғылымды астрология деп атайды.
9 - оқушы:
Астрологтар, жұлдызшалар адамның бойындағы мінез қасиетіне Күн мен Айдың, шоқ жұлдыздардың әсер ықпалы сенімді жоққа шығармайды. Сол себепті адамның туған жылын мүшел жылдарымен байланыстырып туған айын шоқжұлдыздарына қарап топтастырып белгілі бір жүйеге түсірген.
10 - оқушы:
Есебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмай, 12 түрлі хайуанаттың атымен аталатынын білдік. Осы сияқты 12 айдың өзіндік жорамал аттары бар екенін білеміз. Жұлдыз жорамал тыңдайық.
1 оқушы: 21 наурыз бен 2 сәуір. Тоқты: Қызу қанды, алғыр, ақылды.
2 оқушы: 21сәуір мен 21 мамыр. Торпақ: Өзімшіл, шындықты сүйетіндер.
3 оқушы: 22 мамыр мен 21 маусым. Егіздер: Кекшіл, жалқау.
4 оқушы: 22 маусым мен 22 шілде. Бүйі: Кекшіл, өзімшіл, өркөкірек.
5 оқушы: 23 шілде мен 22 тамыз. Арыстан: Ержүрек, тік мінезді.
6 оқушы: 23 тамыз бен 23 қыркүйек. Бикеш: Алдамшы, алаяқ, бірақ алғыр.
7 оқушы: 24 қыркүйек пен 23 қазан. Таразы: Адамгершілігі мол, бірақ қу.
8 оқушы: 24 қазан мен 22 қараша. Шаян: Кекшіл, ешкімге жақсылығы жоқ.
9 оқушы: 23 қараша мен 23 желтоқсан. Мерген: Батыр, ержүрек, мейірімді.
10 оқушы: 22 желтоқсан мен 20 қаңтар. Тауешкі: Білімді, қайырымды, бірақ алаңғасар.
11 оқушы. 21 қаңтар мен 20 ақпан. Су құйғыш: Ұмытшақ, адал, алаңғасар.
12 оқушы: 21 ақпан мен 20 наурыз. Балық: Өте қу, дарыны аз, бірақ жолы өте жеңіл болады.
Мұғалім: Осы орайда мүшел жасты кім қалай түсінеді, ерекшеліктері жайлы шығарма жазу тапсырылатын болатын. сол шығармалардың бір - екеуін оқиық.
11 - оқушы: Көңіл аудар даналардың сөзіне.
Адал жанды өнеге тұт өзіңе.
Дегендей ұлы адамдар өміріне бір сәт көз жүгіртейік.
12 - оқушы: Ұлытау өңірінен шыққан Қоңырбай батыр ұрпағы Ағыбай батыр есе біле бастағанынан патша үкіметтің бейбіт жатқан қазақ ауылдарына аяусыз жәбір көрсеткенін көрген Ағыбай батыр 13 жасында елін қорғауға атқа қонды.
13 - оқушы:
13 жасында ұлы Абай атамыз ақындығымен, ақылдығымен елге таныла бастайды.
14 - оқушы:
Ж. Аймауытов алғашқы өлеңін 13 жасында жазған.
15 - оқушы:
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров 13 жасында өзінің болашақ мамандығын таңдап алдына мақсат етіп қойған.
16 - оқушы:
Исатай мен Махамбет бастаған топ Жәңгір ханның әскерін тас талқан етіп жеңді. Осы кезде Исатайдың Жақия деген батыр баласы да қатысты. Сол күнде Жақия 14 жаста еді.
17 - оқушы:
Қазбек би 13 жасынан рулы елге айта білген.(Көрініс).
Мен сіздерге ата - бабамыздан жалғасып келе жатқан аңыз – әңгіменің бірін айтып берейін.
Абылай хан бірде қалмақ ханы Қонтайшыға елші жіберіп, соларға атқосшы етіп 13 – 14 жасар Қазыбектің аттандырады. Қазақ елшілерін қабылдаған қалмақ ханы оларға сөзден дес бермей қояды. Қазақ елшілері тығырыққа тіреліп тұрғанда, есік жақта атқосшы бала Қазыбек орнынан атып тұрып, Қонтайшыға;
Бірақ қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт - береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпанды басынбаған елміз.
... Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз,- деп әйгілі қаз дауысты Қазыбек би бабалардың сендердей кезінде алмастай өткір сөзбен төпелей келіп, қалмақ ханын састырып, дұшпанын қазақтың алдына жығып беріпті
Мен бұл аңызды айтқаным сіздер осы Қазыбек би аталарымыздай сөзге шешен, батыл ел басқаратын азамат болыңдар.
Мұғалім енді кезекте сіздердің ұлттық салт - дәстүрді қаншалықты меңгергендерін сұрақтармен байқап көрейік (Салт - дәстүрден сұрақ беріледі).
Барлық оқушы. Тамаша әнінің әуенімен ән айтады.
Тамаша бүгінгі күн біздер үшін
Аталып отыр міне бір мүшелім
Тамаша осы тойда ақ көңілден
Достардың ақтарылса ақ тілегі

Тамаша мектептің біз алды болсақ
Бауындай тонның ішкі тату болсақ
Тамаша болар еді сыныптастар

Тамаша бүгінгі күн, мүшел тойым
Балалық шақтан өтіп өскен ойым
Тамаша осы тойда ақ ниетпен
Ақтарса келген жиын жиға ойын

Тамаша ақылға ақыл қоса берсек
Біліммен биіктерге ұша берсек
Тамаша жақсылықпен ата - ананы
Қуантып, Адам атын иеленсек.

Мұғалімнің сөзі: Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбын, 13 жас – алғашқы мүшел деген сөздің мағынасына қалай түсіндің?
18 - оқушы:
Мүшел аяқталып, енді 13 жылды саған да бастапқы жыл қайта келеді, сонда 13 жас – алғашқы мүшел. Қазақ халқы ұл баланы 15 – де, 13 – де иесі дейді, яғни жақсы мен жамандықты, ар мен намысты, дос мен жолдастықты айыра білетін кезең.
Түгел оқушы:
Сарыарқаның самалындай есеміз, т
Тайсалмаймыз, талай сынды кешеміз.
Бізді өсіріп, еркелеткен туған ел
Мақтан етер перзентің боп өсеміз!
Соңы.


Скачать


zharar.kz