Өлең Астана туралы

Скачать

Әліппе 1 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Алматы. Тасымал.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тасымал жайлы оқушылардың білімдерін кеңейтіп, CКТ технологиясы арқылы сөздердің тасымалдану жолдарын меңгерту.
Дамытушылық: Алматы қаласымен таныстыру арқылы оқушылардың дүниетанымын, тілін дамыту дамыту. Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жерді құрметтеуге, табиғаттың әсемдігін түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: жаңа таным сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: CКТ, сұрақ – жауап әдісі, баяндау әдісі, көрнекілік әдісі, талдау әдісі.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, қазақ тілі
Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
1 Психологиялық дайындық:
Сен өзіңді таны, балақай! Сен қажетсің, сен өжетсің. Сен - әлемнің болашағы, дүние саған жол ашады! Сондықтан, жақсы оқып, білімге білім қосып, Ана тілін ашайық, өткенге шолу жасайық,
Өз Астанам – өз ордам атты өлеңін
Мәнерлеп оқып шығайық.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз 3 бөлімнен тұрады. Өздеріңіз көріп тұрғандай тақтаны 3 – ке бөлдім. Ол:
1. Үй жұмысы - Өткенге шолу
2. Жаңа сабақ - Ана тілінің айтары бар
3. Қорытынды - Түйін сөз

II Үй жұмысы - Өткенге шолу
Іске сәт, сабақтан жақсы әсер алып, барлығыңның бағалануларыңа тілектеспін.
1 Өз Астанам - өз ордам өлеңін мәнерлеп оқыту
- Өте жақсы, балалар!
- Балалар, өлең не туралы, кім айтады?
- Өлең Астана туралы.
- Астана қандай қала?
- Астана - еліміздің бас қаласы. Астана өте әдемі қала. Ол жас қала, жас астана.
2 - Ал, балалар, тынышталайық,
Енді тақтаға назар салайық.
Сөздердің тасымалдануын
Ойланып, еске алайық.
Астана сөзінің тасымалдану жолдарын сұрау
- Астана сөзі жазып келе жатқан жолға сыймаса, не істеу керек? Тасымалдау.
Астана
а) 1 жағдайда тасымалданады
ә) 2 жағдайда тасымалданады +
б) 3 жағдайда тасымалданады
Бұл сөз Ас - тана, Аста - на болып екі жағдайда тасымалданады немесе тасымал буын жігіне сәйкес.
- Сөздің тасымалдануы неге байланысты болады? Буынға
Астана
а) 2 буынды сөз
ә) 4 буынды сөз
б) 3 буынды сөз +
Бұл сөз Ас - та - на болып үш буынға бөлінеді.

- Ал, буын саны неге байланысты болады? Дауысты дыбыстарға.
Бұл сөз: Ас - буыны тұйық буын. Себебі, дауысты дыбыстан басталып дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр. Та, на буындары ашық буындар. Себебі, дауыссыз дыбыстардан басталып дауысты дыбыстарға аяқталып тұр.
3)- Тақтаға бәріміз қарайық,
Мұқият назар салайық.
Бас қаламыз – Астана жайлы
Білімімізді толықтырайық.
Астана жайлы суреттерді көрсету. Суреттегі таныс ғимараттарды атату
- Бұл суретте не бейнеленген? - Бәйтерек. Бәйтерек – Астананың символы.
- Бұл не? - Ол Ақорда. Мұнда еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыс істейді.
Мына суретте не көріп отырсыңдар? - Бұл Астананың мешіті – Ислам орталығы.
- Балалар, бұрын Қазақстанның астанасы қай қала болған?
- Астанаға дейін еліміздің бас қаласы – Алматы қаласы болған.


Скачать


zharar.kz