Microsoft фирмасының Excel программасы

Скачать

Microsoft фирмасының Excel программасы – кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі – түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.
Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан тұрады. Жолдардың максималдық саны 16384 – ке, ал бағаналар саны 256 – ға тең. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды. Ол ұяшыққа мәліметтерді (мәтін, сан, формула ) енгізеді.
Excel программасын іске қосу үшін осы программамен байланысқан пиктограмманы тауып, оны тышқанмен екі рет шерту керек. Ол Excel программасын іске қосқаннан кейін компьютер экранында терезе шығады.
Экрандағы Excel терезесінде мынадай объектілер орналасқан:
Жоғарғы жол – басқару батырмалары бар терезе тақырыбы.
Екінші жол – Excel менюі.
Үшінші және төртінші жолдар – Стандартты және Форматтау аспаптар тақтасы.
Бесінші жол – енгізу мен түзету жолы немесе формулалар жолы. Бесінші және соңғы жолдың арасыны электрондық кестенің жұмыс парағы орналасқан. Жұмыс парағындағы жолдар мен бағаналар белгілі бір тәртіппен белгіленеді.
Терезенің ең төменгі жолы – қалып – күй жолы. Төменгі жолдың сол жақ шетінде Excel жұмыс режимдерінің индикаторы орналасқан. Мысалы, мәлімет енгізуді күтетін сәтте, ол Дайын режимінде болып, режим индикаторы – “Дайын”(Готов) деген сөзді көрсетеді.Excel программасынан шығу үшін: терезенің оң жақ жоғарғы шетіндегі “х” түймесін басу қажет.
Excel менюімен жұмыс істеу үшін тышқан көмегін пайдалану өте ыңғайлы, қажетті меню пунктін таңдап алып, тышқан курсорын оған қойып, тышқанның сол жақ батырмасын шерту керек. Осы тәрізді тәсілмен менюдің ішкі командалары таңдалынып, қосымша беті ашылады да, жалаушылар орнатылады.
Енді электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысалық.
Жол нөмірі – электрондық кестедегі жолды анықтайды. Ол көлденең орналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нөмірмен белгіленген.
Бағана әрпі – электрондық кестенің бағаналарын анықтайды. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында орналасқан. Бағаналар мынадай ретпен белгіленеді: А – Х, содан соң АА – АZ, одан кейін BA – BZ және т.с.с.
Ұяшық – электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әрбір ұяшықтың бағана әрпі мен жол нөмірінен тұратын адресі бар. Мысалы, В3 адресі В бағанасы мен нөмірі 3 – жолдың қиылысындағы ұяшықты анықтайды.
Ұяшық көрсеткіші – ағымдағы ұяшықты анықтайтын көмескіленген тіктөртбұрыш. Көрсеткішті пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бойынша ұяшықтан ұяшыққа орын ауыстыруға болады.
Ағымдағы ұяшық – көрсеткішпен белгіленіп тұрған ұя. Келісім бойынша мәліметтер енгізу операциясы және басқа іс - әрекет осы ағымдағы ұяшыққа жатады.
Блок (ұялар жиыны, аймағы) – тіркесе орналасқан ұяшықтардың тіктөртбұрышты аймағы. Блок бір немесе бірнеше жолдардан, бағаналардан тұрады. Блок адресі қос нүктемен бөлінген қарама – қарсы бұрыштар координатынан тұрады. Әртүрлі формулалар енгізу кезінде немесе командаларды орындау сәттерінде блокты диагональ бойынша қарсы орналасқан торлар адрестерімен немесе экран бетінде тышқанмен белгілей отырып енгізуге болады.
Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу. Excel – де электрондық кесте үш өлшемді құрылымнан тұрады. Ол кітап секілді парақтардан тұрады. Экранда тек бір парақ – кітаптың ең үстіңгі ашық тұрған беті көрініп тұрады. Парақтың төменгі шетінде кітаптың қалған беттерінің нөмірлері жарлық ретінде белгіленеді. Тышқан курсорымен сол көрініп тұрған жарлықтардың нөмірлерін таңдау арқылы кез – келген бетті ашып көруге болады.
Ұяшықтардағы мәліметтер
Excel кестелерінде кез келген ұяға мәліметтердің үш түрін енгізуге болады, олар: мәтін, сан және формула. Ұяға мәлімет енгізу үшін теңбілторды сол ұяшыққа алып барып, керекті деректерді пернелерде теріп, соңынан Enter пернесін басу жеткілікті.
Электрондық кестеге мәтін енгізу әріп немесе (апостроф) таңбаларынан басталады. Ал сандар енгізу +, - таңбаларынан немесе бірден цифрдан басталады. Сондай – ақ, . Excel – де кез – келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұя адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан тұрады.
Ұяшықтағы сандарды әртүрлі форматта бейнелеуге болады. Мысалы: 100 санын былай жазуға болады:100,00 теңге – ақша түріндегі форматта;
10000 % - проценттік форматта;1,00Е + 02 – ғылыми форматта.
Форматтау саймандар панелінің сәйкес батырмалары арқылы немесе Формат – Ұяшық – Сан... командасы арқылы сандарды әртүрлі форматта бейнелеуге болады. Алдымен форматы өзгеріске ұшырайтын ұяшықты ағымдық ету керек. Экранга шыққан сұхбат терезесінен керекті сандық форматты таңдау керек. Жаңа форматты енгізу кезінде ұяшықтағы санның тек бейнелеу тәсілі өзгереді, ал сан мәні өзгермейді.
Excel – дің Кірістіру мәзірінің Функциялар пунктіне көптеген стандартты функциялар енгізілген. Олардың көпшілігі формулаларда пайдаланылады: формулада теңдік белгісінен соң функция аты жазылады да, одан соң жақшалар ішінде нүктелі үтір арқылы бөлініп жазылатын параметрлер тізімі көрсетіледі. Параметрлер үшін сандар, ұяшық адресі және т.б. енгізілуі мүмкін. Сервис мәзірінің Параметрді таңдау, Шешімді іздеу пункттерін пайдаланып, түрлі математикалық, экономикалық, техникалық есептерді шешуге де болады.
Формула құрамында пайдаланылатын СУММ функциясынан басқа стандартты функцияларға мысалдар:
СРЗНАЧ (“тізім”) – тізімнен сандардың арифметикалық орта мәнін табу:
МАКС (“тізім”) – тізімнен ең үлкен санды табу:
МИН (“тізім”) – тізімнен ең кіші санду табу:
Sin (x) – радиандық х бұрышының синусын есептеу:
ABS (x) – x санының абсолют шамасын қайтарып беру:
ЕСЛИ – берілген шарттың ақиқат не жалған болуын тексеру т.б.
Формулаға функцияны автоматты түрде енгізу де мүмкін. Ол үшін алдымен мәзір арқылы Кірістіру - Функция командасын беру не аспаптар панелінің x түймесін шерту керек. Сол кезде «Функция шебері» сұхбаттық терезесі көрінеді. Әрбір функция категориясы үшін оның құрамы терезенің оң жағына жазылып қойылады. Категория мен оның құрамындағы қажетті функцияны таңдап, ОК түймесін шерту керек. Формулалар панелі көрінеді. Панельге функция аргументін қажетті мәнді енгізіп, ОК түймесін шерту жеткілікті.
1-мысал: 64 пен 24- тің ең үлкен ортақ бөлгішін және ең кіші ортақ еселігін табу керек.
Нұсқау. Кірістіру – Функциялар – Мат және тригонометрия командасын беріп, категорияға сәйкес НОД, НОК функцияларын таңдау керек. Көрінген тереземен жұмыс істеу қиын емес.
2-мысал: 45, 65, 28 сандарының орта мәнін табу керек.
Нұсқау. Кірістіру – Функциялар – Статистикалық командасын беріп, СРЗНАЧ(орта мән) қатарын таңдау керек.
3-мысал. Үш жылдан соң 250 000 теңге алу үшін жылына 13,7% өсім төлейтін банкіге қанша ақша салу керек?
Нұсқау. Кірістіру – Функциялар Финанстық ПЗ командасын беру. Берілу форматы:
= ПЗ (норма: 0,137; периодтар саны: 3; БС: - 250)
Жауап: 170 082,10т.
4-мысал: Компьютер фирмасы әр жылы периодты түрде бөлшектер жинағын сатып алады.Жинақтың көлеміне байланысты кездесетін жарамсыз бөлшектер санының статистикасы беріледі.Заказ етілген бөлшектер топтарынан теория бойынша жарамсыз болатын бөлшектер санын анықтау керек.
Нұсқау. Кірістіру – Функциялар ТЕНДЕНЦИЯ командасын беріп, көрінген терезенің изв. значения у, изв. значения х, нов. значения х өрістерін толтыру керек. Нов. значение (жаңа мән) жолына қажетті жауап енгізіліп қойылады.Қаралған мысал үшін:
1) нәтиже енгізілетін ұяшықты ағымдық ету.
2) Кірістіру – Функциялар кмандасын беріп, ашылған терезенің Категориялар панелінің Статистикалық пунктін және оған сәйкес ашылған оң панельден ТЕНДЕНЦИЯ пунктін таңдау.Сәйкес терезе ашылады.
3) Терезенің изв. знач. у өрісіне В2:В8 блогын, изв. знач. х өрісіне А2:А8 блогын, нов. знач. х өрісіне нәтиже енгізілетін ұяшық атын енгізу (D4).
Шығатын жауап терезеде жазулы значения сөзінің қатарына жазылып қойылады, терезенің ОК түймесі шертілген кезде ол Excel-де белгіленген ағымдық ұяшыққа да енгізіліп қойылады.
Әрбір кестедегі мәліметтерді диаграмма түрінде бейнелеп, оны экранға, баспаға шығаруға болады. Бір кестеде берілген мәліметтер бойынша диаграммалардың түрлі типін даярлауға болады. Барлық диаграммалардың сипаттаамалары кестемен бірге сақталады. Диаграммада кестедегі сандық мәндер ғана көрсетіліп қана қоймай, оларды көрнекі түрде бейнелеудің де мүмкіндіктері бар.
Диаграммалар құру үшін төмендегі әрекеттерді орындау керек:
- электронды кестені толтыру:
- негізгі мәзірдің Орналастыру (Вставка) – Диаграмма жарлығы батырмасында “тышқан” манипуляторының сол жақ батырмасы арқылы Диаграммалар шебері сұхбаттасу тересін ашу:
- ашылған сұхбаттасу терезесінің Стандартты парағында диаграмманың типінің қажеттісін таңдау.
Ұяшықтар тобы, бірнеше жолдарға орналасса, әртүрлі жолмен рет түсінігін анықтауға болады. Рет бір баған мәліметтерімен сәйкес келуі мүмкін.
Диаграмма түсініктемесін үстемелеу, диаграмма тақырыбын енгізу жіне диаграмма өстеріне жазылым орналастыру орындалады. Диаграммада ерекшелеу аралығы енгізілмесе, түсініктері болмайды, бірақ диаграммалар реттерін түзету кезінде түсініктемелерді қосуға болады.Құрылған диаграмма құрамын бастапқы мәліметтерді көрсететін тәсілдер өзгергенге дейін реттеуге болады. Түзетуді Диаграмма шебері көмегімен орындауға болады.


















1.Математикалық категориялар.

Стандартты функциялар : sin , cos, ACOSH, ASIN, ASINH,ATAN, ATAN2, ATANH, EXP, LN, LOG,LOG10, ЗНАК, СУММ, РАДИАНЫ.
Мысал ретінде:
а) cos(x) радиандық х бұрышының косинусын есептеу.
cos(1,6)=-0,029199522
б) sin(х) - радиандық х бұрышының синусын есептеу.
sin(0,7) = 0,644217687

Есепті шығару алгоритмі:
1.Функция шеберін таңдау;
2.Ашылған терезеден Математикалық категорияны таңдап , одан әрі sin,cos немесе кез келген функцияны таңдау керек ;
3. Формулалар панелі ашылған соң сан өрісіне мәнді енгізіп , панельдің OK батырмасын шертсек , ағымдық ұяшыққа есептің мәні шығады.

2. Логикалық категориялар.

Стандарты функциялары: если , и, или, истина, ложь, не.
Мысал ретінде:
а) «не» функциясы жалғанды ақиқатқа , ақиқатты жалғанға айналдырады.
>=15 болса бұл жалған , ал шешімінде ақиқат болып тұр.
б) «и» функциясы жалғанды жалғанға , ал ақиқатты ақиқат етіп шығарады .
>10 функциясы жалған болғандықтан шешімі де жалған.


Скачать


zharar.kz