Оңай бутерброд және СэндвичНан - 2 бөлікМайонез 1 ас қасықШұжық (колбаса) - 1 - 2 тілікІрімшік (сыр) - 1 - 2 тілікАскөк - 1 - 2 талЖұқалау кесілген нан бөлігін алыңыз да майонезді алып қалауыңызша жағыңыз

Скачать

Оңай бутерброд және Сэндвич
Нан – 2 бөлік
Майонез 1 ас қасық
Шұжық (колбаса) – 1-2 тілік
Ірімшік (сыр) – 1-2 тілік
Аскөк – 1 - 2 тал

Жұқалау кесілген нан бөлігін алыңыз да майонезді алып қалауыңызша жағыңыз.
Шұжықты майда ұзынша етіп турап нанның бетіне салыңыз, оның бетіне ірімшікті майда турап немесе теркадан өткізіп салыңыз.
2 - 3 минутқа пешке немесе микротолқынды пешке қойыңыз.
Пештен шығарылған соң бетіне аздап аскөкті турап салып ұсынуға болады.

Сэндвич
Нан – 2 бөлік
Кетчуп – 1 шай қасық
Майонез – 1 шай қасық
Ірімшік (сыр) – 2 тілік
Шұшық – 2 тілік
Қызанақ – 2 тілік

Екі тілік нан алыңыз екеуіне де майонез және кетчупті қалауыңызша жағыңыз.
Бір бөлік нанның үстіне бір тілік ірімшікті оның үстіне бір тілік шұжық пен қызанақ тілігін қойыңыз және ірімшік тілігін қойып соңынан майонез жағылған нанның екіншісін бетіне қойыңыз.
Табаға аздап сары май салып әлгі дайындаған сэндвичті жай отта 1 - 2 минут екі жағын да қызарғанша қуырып алыңыз. Асыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Жадыра

Сіздің де рецептеріңіз болса сайтқа шығаруға болады. Пікір қалдыру жолына немесе поштаға салыңыз.


Скачать


zharar.kz