Сынып: 6
Тақырыбы: Жергілікті жердің қарапайым планын түсірудің жолдары.
Сабақтың мақсаты: Жергілікті жердің планын жасақтау жолдарына бейімдеу.
Сабақтың міндеті: Жергілікті жердің планын ойша қағазға түсіруге жаттығу.
Түйінді идея: Жергілікті жердің планымен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 6 сынып атласы, интерактивті тақта, транспортир, сызғыш, карандаш, тұсбағар, Жергілікті жердің планы.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың жоспары:
І кезең – ұйымдастыру (3 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын сұрау (10 мин)
ІІІ кезең – жаңа сабақ (7 мин)
ІV кезең – бекіту тапсырмалары (15 мин)
V кезең – бағалау (6 мин)
VI кезең – қорытынды (2 мин)
VII кезең – үйге тапсырма (2мин)
Сабақ барысы:
І кезең Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
ІІ кезең Үй тапсырмасын сұрамас бұрын оқушыларды 3 топқа бөлу. Жергілікті жердің планы тақырыбы бойынша әр топқа тапсырмалар беріледі. Тапсырманы орындауға 7 минут беріледі. Әр топтан 2 оқушы шығып қорғайды.
1-топ: 1. Мына планның масштабы қандай?
2. Құдықтың шартты белгісі нешеу? Көрсетіңіз.
3. Қарақойын ауылынан Тастау қаласына дейінгі жолдың ұзындығы?
4. Құм планның қай бөлігінде орналасқан?
2-топ: 1. Қарасу өзені қай бағытта ағып жатыр?
2. Су диірменінен орманшының үйіне жету үшін қай бағытта және қандай арақашықтықта жол жүреміз?
3. Қай елді мекенде жеміс бағы көп орналасқан?
4. Аралас орманды көрсет.
3-топ: 1. Биіктіктері бірдей нүктелерді қосып тұрған қисық сызықтар қалай аталады?
2. Пландағы ең биік төбені көрсет?
3. Сирек ормандар Тастау қаласының маңында орналасқан ба?
4. Бұлақтан 242° азимут бойынша 600 метр жүрсең қандай затқа кездесесің?
ІІІ кезең Жергілікті жердің қарапайым планын түсірудің жолдары тақырыбы бойынша сипаттама беріледі.
Керекті құрал-жабдықтар
Дайындық жұмыстары
Жерді планға түсіру әдістері
Қорытынды жұмыстар
ІV кезең Тақырыпты бекіту үшін өзінің күнделікті көріп жүрген мектебінің планын жасақтау. Әр топ дайындаған планын қорғап шығады.
V кезең Критерий бойынша бағаланады
VI кезең Қорытындылау
Оқушылар тапсырма арқылы план жасақтауды үйрендік.
VII кезең Үйге тапсырма
§10 Жергілікті жердің қарапайым планын түсіру