Назарбаев оқушы кезі

Скачать

Тәрбие сағаты 4 сынып
Тақырыбы: Ғасырдың ғажап азаматы

Мақсаты: қазақ халқының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Оқушыларды Отанын сүюге, азаматтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шығармашылық тапсырмалар, суреттер, ойын құралдары тсо:
мультимедие.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Әнұран орындау.
ә) Мұғалім: Армысыңдар әріптестер және шәкірттерім! Қазақстан Республикасы 1990 жылы 25 қазанда егемендігін жарияланған. 1991жылы 16 желтоқсанда алған тәуелсіздігіне биыл 19 жыл толады. Осыған орай ұйымдастырылған Ғасырдың ғажап азаматы атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

ІІ. Кіріспе.
- Тәрбие сағатымызды Қызық сұрақтар ойыны арқылы басталғалы тұрмыз. Ортадағы партадан мына сөздерге, сұрақ не тапсырмаларға жауап болатын парақты алып, тапсырмалардың астына ілу. Сонын да бір мағыналы сөз шығады.
а) Ойын: Қызық сұрақтар
Мақсаты: оқушылардың шапшаң ойлау қабілетін дамыту.
Шарты: сынып 4 топқа бөлінеді. Әр түрлі сұрақтар, тапсырмалар беріледі.
Ортадағы партадан сол сұрақ не тапсырмаларға жауап болатын парақты алып, тапсырманың астына ілу. Сонда артынан мағыналы сөз шығады.

Тапсырма: 1. Республика (Қазақстан картасы)- Н
2. Тәуелсіздік (монументі) - А
3. Желтоқсан (Қайрат Рысқұлбеков)- З
4. Валюта (теңге ) - А
5. Рәміз (елтаңба) - Р
6. Қала (Байқоңырдың ескерткіш) - Б
7. Білім ордасы (мектеп) - А
8. Жаңбыр (кемпірқосақ ) - Е
9. 1000: 10 (өрнек) - В
Мұғалім: Назарбаев деген кім? - Елбасы.
Сонда бүгінгі Ғасырдың ғажап азаматы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы әңгіме етеміз.

ІІІ. Негізгі бөлім.
а ) Ойлаушымен ой толады айдарымен жұмыс жасаймыз.
Мақсаты: оқушылардың танымдық қабілетін арттыру.
Шарты: мультимедия арқылы жасырын берілген суреттер бойынша мәтін құрастыру. (экранда 4 түрлі сан болады. Соның біреуін таңдайды. Оның астынан сурет шығады.
1. Назарбаев ата - анасымен.
2. Назарбаев оқушы кезі.
3. Назарбаев шығармашылығы
4. Назарбаев – елбасы.
Өз столдарында 4 түрлі конверт болады. Соның суретке байланыстысын тауып мәтінді құрастыру керек. Мәтінде тақырып болады. )

1 - мәтін. Бала Нұрсұлтан
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында туылған. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұңғыш баласы. Нұлсұлтан деп атын әжесі қойған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Нұрсұлтан жастайынан еңбекқор болды. Мал бағып, бау - бақша өсіріп, отын жарып, ата - анасының көмекшісі болып өсті.


Скачать


zharar.kz