Азия елдері

Скачать

Мақсаты: Азия елдері тарауы бойынша алған білімді пысықтау, толықтыру және бекіту.
Міндеттері:
1) оқыту: Елдер туралы өз бетінше қызықты мәліметтер жинақтап, ортаға салу.
2) тәрбиелеу: Адамгершілікке, байқампаздыққа, елжандылыққа, саламаттылыққа тәрбиелеу.
3) дамыту: салыстыру, жеке көзқарасын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Сабақ типі: Бекіту сабағы
Сабақ түрі: пресс - конференция
Әдістері: Топпен жұмыс, көрнекілік арқылы, өз бетінше жұмыстандыру;
Көрнекілігі: электрондық слайдтар, карта, тест тапсырмалары;
Құрылымы: 1. Ұйымдастыру - 2минут
2. Шығармашылық жұмыс - 25мин.
3. Сергіту - 2мин.
4. Бекіту - 10 мин.
5. Қорытынды - 5 мин.
6. Үйге тапсырма - 1 мин.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру сәті - психологиялық дайындық.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Алдын ала берілген тапсырмалар бойынша оқушылар Азия елдерінен келген елші ретінде өз елі туралы слайдтармен ақпараттар мен қызықты мәліметтер береді. Қосымша сұрақтарға жауап береді.
3. Сергіту сәті. Сандар сөйлейді
4. Бекіту - Тест тапсырмалары беріледі. Жауаптары:
1 - ә, 2 - в, 3 - ә, 4 - в, 5 - а, 6 - б, 7 - а, 8 - б, 9 - ә, 10 - а
5. Қорытынды. Адасқан нысандар
Токио ------------------------------ Гималай
Цинь империясы --------------- Босфор
Вилайет --------------------------- Чеджудо
Мумбай --------------------------- Фудзияма
Хундай ----------------------------- Янцзы

6. Үйге тапсырма: Мәнжазба: Азия елдері
Тест сұрақтары, 11 - класс. Азия елдері
1. Қытай солтүстік батысында қай елмен шектеседі?
А. Ресей
ә. Қазақстан
б. Монғолия в. корея
2. Азияның мешеу елдерін көрсет.
А. Израиль
ә. Иран, Ирак
б. Жапония, Қытай
в. Бутан, Йемен
3. Жаңа индустриялық елдерді ата
А. Оман, Бахрейн
ә. Тайвань, Сингапур
б. Пәкістан, Бангладеш
в. Мальдив, Лаос.
4. Жапониядағы ең үлкен мегалополис
А. Токио
ә. Осака
б. Иокогама
в. Токайдо
5. Қытайдың басты ауыл шаруашылық дақылдары
А. күріш, бидай
ә. Мақта б. жүгері, тары
в. Қант құрағы, жержаңғақ
6. Үндістан тәуелсіздігін қашан алды?
А) 1923
ә) 1949
б) 1947
в. 1960
7. Үндістанның негізгі сауда серіктестерін атаңыз.
А) АҚШ
ә) Беларусь
б) Корея в. Қазақстан
8. Түркияның ұлттық заң шығарушы органы
А. Парламент
Ә. Президент
Б. Ұлттық мәжіліс
В. Өкімет
9. Түркияның халық саны
А. 25000
Ә. 68, 1 млн.
Б. 46, 9 млн.
В. 9 млн.
10. Мұнай экспорттаушы елдерді көрсет.
А. Сауд Арабиясы, Катар
Ә. Оман, Корея
Б. Қытай, Индонезия
В. Кувейт, Алжир


Скачать


zharar.kz