Қадыр Мырза ӘлиЖайма - шуақАбайлаКүннің үкісінЖіберер болсаң қозғап бір, Сау етіп көктің күмісіТөгіліп кете жаздап тұр

Скачать

Қадыр Мырза Әли

Жайма - шуақ
Абайла
Күннің үкісін
Жіберер болсаң қозғап бір,
Сау етіп көктің күмісі
Төгіліп кете жаздап тұр.
Қажеті желдің жоқ тегі,
Үф — десең болды аздап бір,
Селдірлеу бұлттар көктегі
Сетінеп кете жаздап тұр!
Даусыңды — алмас қылышты —
Көтерер болсаң аздап бір,
Тырсиып піскен тыныштық
Жарылып кете жаздап тұр!


Скачать


zharar.kz