Тақырыбы: Тапқыр болсаң, тауып көр сайыс
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
Дамытушылық: Оқушылардың топпен жұмыс істеулерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұйымдастырушылық, іскерлік қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге үйрету;
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Стратегиялар: Кубизм , Топтастыру сайыс түрінде
Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылар орындарынан тұрады сәлемдеседі
Сәлемдесу:
Енді бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы бір - бірімізге жылы лебіздер тілейік.
Бақытты бол!
Денсаулығың мықты болсын!
Ел мақтанышы бол!
Еңбектің тәтті нанын сезіне біл!
Жетістіктерге жете бер!
Үнемі адал бол!
Жүздеріңнен күлкі кетпесін!
II. Топқа бөліну (Әр топ басшыларын сайлап алады.)
Әр топ өзіне қалаған фигураны алып, топқа бөлінеді. Алғырлар тобы және Тапқырлар тобы.
Сайыстың түрімен таныстыру.
Бүгі сабағымыздың тақырып Тапқыр болсаң, тауып көр сайыс түрінде өтеді. Біздің сайысымыз топтар арасында өтіледі. Бұл сайыста әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін белсенділік танытып, сұрақтарға дұрыс жауап берген топ баспалдақ шыңына жылдам жетіп, жасырынды сөзді табу керек.(сурет құрастыру)
Алғырлар тобы
Топың ұраны: Алғырлармыз дарынбыз,
Таң қалдырар бәрін біз.
Математика сайысына,
Ерекше бүгін дайынбыз.
Тапқырлар тобы
Топың ұраны: Тапқырлармыз гениміз,
Есепке жүйрікпіз сеніңдер.
Әр қайсымыз тұлғамыз,
Мақтан етер еліміз.
I Ойнайық та, ойлайық
Жаңылтпаштар.
Алғырлар тобына Тапқырлар тобына
Семіз сегіз серке, Бес түп алма
Сегізі де ерке. Бестік алғандікі,
Сегізі де, семізі де сегіз Төрт түп алма
Төрттік алғандікі
Жұмбақ есептер.
Алғырлар тобына
Он саулықтың ақпанда
Егіз туды жетеуі,
Қырға көшіп жатқанда
Жылқы туды екеуі.
Тағы бір тұсақ бар,
Қысыр қалды ол бірақ та.
Біздің үйде ұсақ мал
Жетті неше тұяққа?
10+7*2+2=26
Тапқырлар тобына
Нанбасаңыз, кеп сұраңыз,
Біз ауылда тұрамыз.
3 Ардақ, 2 Бауыржан
5 Медет, 2 Сабыржан
2 Айша, 2Самат
3 Айгүл, 2 Мамыржай
Тез есепте дәл сана
Сонда біздер қаншамыз?
3+2+5+2+2+2+3+2=21
II Қиялымды шыңдаймын
Мақал - мәтел сайысы:
Алғырлар тобына
1. Піл к3ті, піл к3ті емес, тіл к3ті (Піл күшті, піл күшті емес, тіл күшті)
2. 6н балдақ қол сәні, әшекей кесте т10 сәні.
7 атасын білмеген
Тапқырлар тобына
1 – еу тойып секіреді,
1 - еу тоңып секіреді,
1 - еу білгенді, 1 - еу біледі.