Ғұмыры оның мәңгілік боп қалады, Жырын сүйер біз сияқты жас барда

Скачать

Атырау қаласы
№11 Ы. Алтынсарин атындағы
орта мектептің 7 сынып оқушысы
Мұхатанова Дильназ

Мәңгілік ғұмыр
Мағжанға арнау

Алаш үшін абақтыда сандалды,
Бар айыбы - ұлтын сүйді болғаны.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Болсадағы бағытынан танбады.

Күн бермеді, азаптады, қинады,
Мағжан ата Алаш үшін қиналды,
Еліміздің гүл жайнауы бүгінде,
От жүректі ақындардың болғаны.

Өлең жазды абақтыда болса да,
Жанып - өшіп, жүрек қанға толса да.
Жігер берер Мағжан ата сөздері,
Әлі өшкен жоқ, өзі сөніп болса да.

Атыларда соңғы сөзін сұрапты,
Кешірім сұрап жалынар деп ойлапты.
Қайыршыға бере алмадым садақа,
Өкінемін сол үшін ,- деп мұң шақты.

Әрбір ісі үлгі болған жастарға,
Әр өлеңі рух берер тасқа да.
Ғұмыры оның мәңгілік боп қалады,
Жырын сүйер біз сияқты жас барда.


Скачать


zharar.kz