Пәні: дүниетану
Тақырыбы: Туған - туысқандар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға туған - туысқандар, ағайындар туралы, туыстық атаулар туралы мағлұматтар беру.
Оқушылардың ой - өрісін, танымдық процестерін, тіл байлықтары мен есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды бауырмал, кішіпейіл, қонақжай, үлкен кішіні сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрнекілік
Көрнекілігі: суреттер, слайд
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Зейіндерін ортаға аудару
Қуанамын мен де,
Қуанайық, достарым,
Қуанасың сен де
Арайлап атқан күнге.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген Отбасы – шағын қоғам тақырыбы бойынша мазмұнын сұрау
Шығармаларын талдау
ІІІ. Білімдерін тексеру
Ауызша сұрақтар қою:
1. Отбасын неге шағын қоғам дейді?
2. Отбасында басшы қандай қызмет атқарады?
3. Туыстармен қарым - қатынасты кім реттейді?
4. Үлкен тойлар, соғым басы, шілдехана сияқты тойлардың пайдасы бар ма?
5. Туған - туыстан басқа тағы кімдермен араласасың?
6. Өзің отбасыңа қандай көмек бересің?
ІV. Мақсат қою кезеңі
- Балалар, мына мақалдардың жасырын сөзін тауып көрейікші:
... тату болса — ат көп, (ағайын)
... тату болса — ас көп. (абысын)
... — туырлығым, (туғаным)
... — қазынам. (қарындасым)
- Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызда біз Туған - туысқандар - мен танысамыз!
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
- Балалар, туыс деп кімдерді атайды?
- Оларды не үшін туыс деп атайды? (Оқушылар өз бетімен әңгімелейді)
Мұғалім:
Қазақта жігіттің үш жұрты бар болады. Олар: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Өз жұрты - өзіңнің ата, әжесі, әке - шешесі, аға - жеңгесі, әпкесі, іні - қарындастары, т. б. аталас туыстары жатады. Нағашы жұрт - өзіңнің анаңның туыстары, яғни, төркіні. Анаңның туыстары саған – нағашы, ал сен оларға – жиен боласың. Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды деген мақал да бар, ол нағашы жағынан біреулердің ренжітуіне тыйым салынады. Жігітке ең жақын жұрт – нағашысы. Жиеншар деген туыстық атау
а) Оқулықпен жұмыс.
Ә) Дауыстап тізбектей оқу.
VІ. Жаңа материалды түсінгенін тексеру
- Күйеу мен келіннің туған әкелерінің оларға туыстық қатынасы (қайын ата)
- Туысқан адамдардың өзінен үлкен апасының күйеуі (жезде)
- Бірге туған апалы - сіңлі кісілердің балаларының арасындағы туыстық қатынастың атауы (бөле)
- Бірге туған қыздардың жас жағынан үлкені (әпке)
( Оқушыларға туыстық атауларға байланысты рөлдер ойнату)
VІІ. Сабақты бекіту
Үлестірмелі кесте толтыру
Жігіттің үш жұрты
1. Өз жұрты
2. Нағашы жұрты
3. Қайын жұрты
VІІІ. Үйге тапсырма беру
134 - 136 беттерді оқу, мазмұны. Өздерінің туыстары туралы әңгімелеу
Бағалау