Балабақша аруы сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер

Скачать

Мақсаты:
Балаларды аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының барлығын күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтындығын ұғындыру. Балаларды мейірімділікке, бауырмалдыққа, үлкенді сыйлауға, баланың ең асыл ардақты адамы – ананы қадірлей білуге тәрбиелеу.
Балалардың анаға деген адамгершілік қасиеттерін ойлау қабілетін, сөз мәнерін есте сақтау қабілетін дамыту.
Сәлемдесу.
Күннің көзі ашылып
Көкте шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал, қанекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме апайлар
(Балалар орындарына отырады.)

Тәрбиеші.
Бүгін біздің балабақшада дүбірлі той
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.
Балаларға ең жақыны сіз ғой ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана
Сіздерге теңістірер ешнәрсе жоқ
Теңесе алар бірақ нәрсе, Отан ғана.

Құрметті ата – аналар, қыз – қызғалдақтар, қадірлі ұстазда! Қар астында қалқиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып аналар мерекесі келеді.

Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қалың қар астынан бүршік атады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей барлық қиыншылыққа төзімді.
Аналар көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!
Балабақша аруы сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ал құрметті халайық
Мерекені бастайық
Аруларды әуенмен
Қошеметпен қарсы ал
Елеусіз Толғанай
Кенешова Анель
.....
(Арулар нөмірлерін алады)

Кімдер жүйрік өнерпазды білейікші
Балабақша аруы деп жүрейікші
Әділқазы алқасынан әділдікті
Ал аруларға сәттілік тілейікші,- дей келе әділ қазылар алқасымен танысайық.
1. Балабақша меңгерушісі: Достанова Әсел Жангелдіқызы
2. Тәрбиеші: Роза апай
3. Ата – ана: Римма апай.

Құрметті көрермендер сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік.
Мен қазақтың қызымын (өзін - өзі таныстыру)
Өнерлі өрге жүзер (өнер сайысы)
Ана туралы тақпақ айту
Сұлулық сыры (сән үлгісі)
Мен анамның гүлімін (буклет дайындау)
Балапанға сыйлаймын қолөнер бұйымдары)

I турымыз.
Өнер қуып арулар өтер дейміз
Бір басына өнері жетер дейміз
Балабақша аруларымен кездесіп
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
(Арулар өздерін таныстырады.)
Тәрбиеші:
Құтты болсын осы шаттық күніміз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
Ән. Сансызбаева Әйгерім: Аяулы анашым

II турымыз.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Арулар аянбай – ақ жан салыпты.
Өз өнерін көрсету

Балалар аналарына, әжелеріне арналған тақпақтарын айтып, сыйлықтарын береді.(өз қолдарымен жасаған)
Ана – біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз – деп, Ана туралы тақпақ айтайық.

IV турымыз.
Гүл көктемнің ерекше аппақ нұрысың
Қыздарымыз әдемі әсем гүлісің
Жарасымды балаға, бүгінгі күн
Ұсынамыз жаңаша сән үлгісін.

V турымыз.
Мен анамның гүлімін
(буклеттерін тапсырады, әрбір ата – ана таныстыру)
Әнші, биші балалар
Әртістердей болдыңдар.
Көрсетіп бар өнерді,
Таңқалдырып тұрыңдар!
Балапан тобының бишілерінің орындауында Түрік биі.

VI турымыз.
Шеберлерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата – баба жолынан
Шебер қолдап өз өнерін көрсетсін
Біз айтайық төрелігін соңынан.
Балапанға сыйлаймын үй тапсырмасы
(Қолдан және табиғи бұйымдар тапсырады).

Мың бұралып билеген
Кім бар екен сұлу қызды сүймеген
Бишілеріміз бар Грузин биін билеген.
Ұлдар қыздарға сыйлық ұсынады.

Әділ қазыларға сөз берейік
Құттықтау сөзі ата – анаға
Балабақша меңгерушісі: Достанова Әсел Жангелдіқызына беріледі.

Балабақша аруы сайысымыз аяқталды. Сау болыңыздар!


Скачать


zharar.kz