Көпшілікке арналған моншада ескеретін кейбір ережелер

Скачать

Көпшілікке арналған моншада ескеретін кейбір ережелер.

Моншаға барарда өзіңмен бірге қандай заттар алып бару керек?
Ең алдымен басыңызға киетін киізден жасалған бас киім немесе шыт орамал, сүртінуге сүлгі, гигиеналық заттар: сабын, шампунь, езгіш (мочалка) және парға кіргенде төсеп отыратын ескі орамал т. б.
Моншаға кірерде тамаққа тойып кіруге болмайды және аш баруға да болмайды! Тамақтанғаннан кейін 30 - 35 минуттан кейін кіруге болады. Өзіңізбен бірге үйден қайнаған су алып шықсаңыз болады немесе моншаға жақын маңнан газдалмаған су сатып алуға болады. Судың мұздай болмауын ескеріңіз. Моншада, моншадан шыққан кейін де мұздай су ішуге болмайды!
Моншада спирттік ішімдік ішуге болмайды! Ішімдіктің қай түрі болмасын жүрекке салмақ түсіруі мүмкін.

Егер де сіз көпшілікке арналған моншаға бара жатқан болсаңыз, кейбір ережелерді біле жүргеніңіз абзал.
Моншада айқайлап сөйлеуге болмайды. Сабынды, шампуньді қолданғанда, үстіңізге су құйынғанда көршіңізге шашыратып жібермеңіз. Моншада басқа адамдардың бар екенін ескеріп, душты пайдаланғанда басқаларды күттіріп қоймауды да ескеріңіз. Тағы бір ескеретін жай, қолтықтағы және интимдік орындағы түкті қырып, тазалаудың қажет жоқ. Бұлардың барлығы көпшілік орында әдепсіздік болып есептеледі.
Моншаға кіре салысымен аяғыңызға резеңке аяқ киімді киіңіз. Содан кейін душқа кіріп сабынсыз жай сумен шайыныңыз, сабынды пайдаланбаудың себебі, терінің майлы қабаты жуылып кетеді де терлеу процесі дұрыс жүрмейді. Шашыңызға су тигізбеңіз себебі шашыңыз су болса, пар бөлмеде ұзақ отыра алмайсыз. Бас киімді киіп парға кіріңіз (бас киім киізден жасалған болса өте дұрыс). Парға кіргенде алдымен астыңызға төсейтін затты төсеп отырыңыз. Бірден жоғарыға сөреге көтерілмеңіз, төмен жаққа отырып денені ыстыққа бірте - бірте үйретіңіз. 2 - 3 минуттан кейін жоғары сөреге көтеріліп жатыңыз, аяғыңыз басыңыздан сәл жоғарыда тұруын ескеріңіз, ол үшін арнайы аяқты демеуішті пайдаланыңыз.
Парда отырып кір езінбеңіз, жуынатын бөлмеге келген соң жасау қажет.
Пардан шыққан соң, қанжылы сумен жуыныңыз. Себебі, судың температурасы төмендеу болғаны денсаулығыңызға пайдалы.

Дайындаған: Асыл

Алып-қосарыңыз болса, пікір қалдырыңыз


Скачать


zharar.kz