Одағайға байланысты қойылатын үтір

Скачать

Қазақ тілі 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Одағайға байланысты қойылатын үтір.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: одағай сөздің мағынасын және қолданылу себебін түсіндіру, одағайдың басты белгісін таныту, сөйлемдегі орналасу ретіне қарай үтірмен қалай ажыратылатынын меңгерту.
Дамытушылығы: үтір қандай орындарда, не үшін қойылатыны, оны қою үшін тілдік қандай белгілерін білу керек екенін түсіндіру. Проблемалық жағдайлар мен күрделілік деңгейі артқан тапсырмаларды шешу кезінде дербес ойлану қабілеттерін дамыту..
Тәрбиелілігі: арнайы тапсырмалар арқылы тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, тыныс белгілерді орынды қолдануға, тиянақтылыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа білімді беру сабағы.
Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық, кестелер, слайд, семантикалық кесте,"Инсерт" кестесі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу;
Сабаққа дайындықтарын бақылау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген 178 - жаттығуды тексеру.
Үй тапсырмасын бекіту.
Берілген ұғымды есепке алу
Пунктуация дегеніміз не?
Тыныс белгілері болмаса немесе дұрыс қойылмаса, мәтіндегі ойды дұрыс оқу, түсіну мүмкін бе?
Ой жеткізудегі бет - жүз құбылысын, қол қимылдары мен дауыс ырғағын қағазға түсіре аламыз ба? Бұларды қандай белгілер алмастыра алады?
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерді ата.
Үтір қайда қойылады?
Семантикалық кестені толтыру


Скачать


zharar.kz