Ұйқас түрі

Скачать

Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров. “Шілде” слайд

Шілде өлеңі
Түскендей әуе жерге қырық күн шілде,
Ішкен мас жегендер тоқ күнде - күнде.
Қысқа түн қымқырылды таң көрінді:
“Кел, шық” деп, иек қағып жарық күнге.
Ән салды таңды мақтап сансыз торғай
Бас иіп бәйек болып жерге қонбай
Шайқалып таң желіне тербетілді
Көк майса көзі ілініп тұрған сондай
Асыл шөп жасыл шықтың иісі аңқып
Батқандай мелдегінен нұрға қалқып
Күлімдеп көктің көзі көңілі шат
Жаухардай күн шығар деп бізге балқып
Көлбеңдеп көкке қарай жердің буы
Айнадай анадайдан көлдің суы
Би билеп суда тұрған барлық қамыс
Ән салды домбыраман құстың шуы

Идеясы дегеніміз – ақынның айтар ойы мен мақсаты. Өлеңнің идеясы --- жаз сипатын шілде айының таңын суреттеген.
Шумақ дегеніміз – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Өлең 10 шумақтан тұрады.
Тармақ дегеніміз – өлеңнің әр жолы. 40 тармақ
Бунақ дегеніміз – белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. 2 - 3, 3 - 3 бунақты
Буын саны – дауысты дыбыс санына байланысты. Өлең 11 буынды.
Ұйқас түрі. Ұйқас дегеніміз – өлеңнің бітім, мазмұнымен тамырлас келіп, оған әуен, ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі екендігін айтып кетеді. Бұл өлең қара өлең (а - а - б - а) ұйқасы

Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы № 158 орта мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Кетепова Жаухар

С. Торайғыров. “Шілде” өлеңі (слайд). жүктеу


Скачать


zharar.kz