Көңілім болса - дағы қанша жарым, Солармен білінбейді шаршағаным

Скачать

Мұқағали Мақатаев

Мен тілейін.
Жарқыным, сен де тіле:
Жақсылық орнасын де жер бетіне.
Аққу тіле айдынның келбетіне,
Айдын тіле аққуды тербетуге.
Мен аңсаймын.
Сен - дағы аңса жаным:
Жақсыдан жайлап ескен жан самалын.
Аңса, жаным,
Зарығып, шарша, жаным,
Қалса да қанша ғұмыр, қанша амалың.
Аңса, жаным!
Мен сағынам.
Сен - дағы сағын жаным,
Адамнан тек жақсылық табылғанын,
Ашусыз, ала көзсіз бауырлардың,
Аңсаймын алқам - салқам қауымдарын.
Көңілім болса - дағы қанша жарым,
Солармен білінбейді шаршағаным.
Жақсыдан жайлап ескен жан - самалын,
Жабықпай аңса жаным,
Аңса, жаным!..

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2


Скачать


zharar.kz